Тақырыбы: Ою-өрнек туралы түсінік. Мақсаты: 1.Ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру, ою оюды үйрету 2. Оқушыларды эстетикалық талғамын дамыта отырып,шеберлікке, әсемдікке,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3. Қол ептілігін дамыту,ой қиял
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Кажымова Бакыт Айткалиқызы
|
«Өнер алды – қызыл тіл» дейді халқымыз. Мектепте берілетін бүкіл білім мен тәрбие ең алдымен сөз арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушылардың тілін дамыту – тек әдебиетші, тілшілер мақсаты ғана емес, ол бүкіл мектептің, барлық пән мұғалімдерінің де басты мақсаты, борышы, барлығына тән бірыңғай талап.
Ең алдымен сөзімізді мектепте немесе сыныпта болуға тиісті стендтерден бастасақ. Жалпы мектепте, ең құрымағанда қазақ тілі мен әдебиеті пәні кабинеттерінде «Өнер алды – қызыл тіл» немесе басқа тақырыптарда жасалған стендтер міндетті түрде болу керек сияқты. Олар, бір жағынан, оқушыларға көмекші –нұсқау қызметін атқарса, екінші жағынан, бүкіл мектеп ұжымының назарын басты арнаға, келелі мәселеге аударады.
Үлгі:
“Өнер алды - қызыл тіл”.
Кел, жас дос, әдемі де әдепті, сұлуда ойлы сөйлеуге үйренейік.
Әдемі, әдеби сөйлеудің көзді бұлағы – кітап.Олай болса, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөздермен, сөйлемдерге назар аудар, есіңе ұста, өзіңнің сөзіне пайдалан.
Әдемі сөйлеудің қазыналы, көзді бұлағы халық тіліңде:
а)Шешендікке, ақыл-нақылға негізделген даналық сөздерге назар аудар. Ол үшін жыраулар толғаулары, термелер мен жырларды, ауыз әдебиеті үлгілерін көп оқы.
ә)Мақал-мәтелдерді сөздік қорыңа қосып, оларды ұтымды пайдалануға тырыс.
б)”Шешендік қоржынын” жаса. Бұл қоржыныңа осындай сөздерді жинап, жазба жұмыстарыңа пайдалануға тырыс.
“Ең әдемі сөз – аз сөз” дейді халық. “Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын” дегені тағы тағы бар. Мәдениетті, әдемі сөйлеу үшін, көп сөйлеу міндетті емес, Қай жерде болсын, айтарыңды қысқа айтуға тырыс.Сөйлемдерің шұбалаңқы, шашыраңқы болмасын. Мәдениетті сөйлеудің бір жолы – қыстырма сөздерді, жергілікті жерлерде ғана пайдаланатын сөздерді пайдаланбау, “әй,әй” деп, өзіңді, тыңдаушыны да мазалай беру әбестік.
Сөйлеу мәдениеті деген – ең алдымен әдепсіз, көргенсіз сөздерді қолданбау. Осыған абай бол.Екіншіден, айғалап, дабырлап, екіленіп сөйлеме.
Пікір таластырып тұрсаң да, сабырлы, басыңқы сөйлеуге тырыс.Басқаны толық тыңда, сөзін бөле берме.Өзің де айтарыңды жинаңқы етіп жеткіз.
Әрине, бұл нұсқауды оқып, балалардың барлығы әдемі сөйлеп кетеді деген ұғым тумаса керек.Тіл дамыту – әдебиетті оқыту әдістемесінің ең бір күрделі де маңызды саласы.Ол жүйелі түрде шығармашылық бағытта жүргізіледі.
Оқу бағдарламасында тіл дамытуға арнайы сағаттар бөлінген, бірақ оны тек сол сағаттарда ғана жүргізу керек деп ұқпау керек.Жоғарыда айтылғандай, тіл дамытуға мұғалім әдебиеттің әр сағаты, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі көңіл аударып отырады.Әдебиет сабағындағы тіл дамыту оқытылып жатқан көркем шығарма негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде, оның көркем тілін жаңғырту негізінде жүзеге асуы керек.Оқушылардың әдебиет сабағында көркем тілін дамыту үшін де басқа пәндермен байланыстырып оқытудың маңызы ерекше.
Оқушылардың тілін дамыту негізінде баланың сөздік қорын дамыту, жаңа сөздермен таныстырып, ойын дұрыс, жүйелі айтып беруге, сөйлей білуге үйретуді мақсат тұтамыз. Осы үш процесті күнделікті өтілетін грамматикалық тақырыппен байланысты, біртұтас жүргізіп отыру нәтижесінде тіл дамыту жұмысы мақсатына жетеді.
Оқушылардың тілін дамыту барысында сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем, сөйлемнен күрделі ой, күрделі ойдан әңгіме, шығарма құрастыруға дейін сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға, айтқанын жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыландыру жолындағы әдістерді қажет етеді.
Оқушының ауызша сөйлеу тілін дамытудың барлық пәндерге бірдей ортақ қатысы бар. Сондықтан оқушының сөздік қорын байыту, сөйлеу, жазу тілін дамытуға барлық мұғалімдер жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 48.53 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |