Тәрбие сағаты. Сынып : 2 .Сабақтың тақырыбы : " Жақсылық - жан азығы"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы : " Жақсылық  - жан азығы"

Мақсаты : Оқушылардың "жақсылық " құндылықтары  туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері :

-Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу.

-Жақсылықты түсіну ,жақсылық жасау іскерліктерін дамыту,сөздік қорларын байыту.

-Оқушыларды жақсылық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі : Мақал, жағдаяттар.

Сабақтың барысы:            Ұйымдастыру бөлімі :

                                        Психологиялық жаттығу

Шеңбер жасап түрайық.

Алақанды жазайық.

Сәттілік тілеп сабаққа,

Көңілді болайық сабақта!

Күн нұрына қол созып амандасайық

-Қуан, шаттан алақай!

Қуанышты күн келді.

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң ,қайырлы күн.

Сәлеметсіңдер ме? Амансыңдар ма? Есенсіңдер ме?

- Аспан атадан күш қуат алайық.

Армысың қайырымды Аспан ата !

Армысың мейірімді Жер ана!

- Енді бір -бірімізге жақсы сөз айтып алманы қоржынға саламыз.

-Міне балалар қоржынға алма толды бізде осылай тату,ұйымшыл сабақ өткізейік.

Қызығушылығын ояту:                                                        

-Жақсылық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Жамандық деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Балалар, өмірде жақсылық пен жамандықты бірге жүруі мүмкін бе?

-Жақсылық пен жамандықты немен алмастыруға болады?

-Жақсы сөз, шынайы тілек адамға қалай әсер етеді?

Табиғатқа  назар аударсақ , күн мен түн,ақ пен қара,қуаныш пен қайғы,дос пен дұшпан.Осының барлығы бір-біріне қарама-қайшы,яғни,адам бойында осындай бір-біріне қайшы жаөсы қасиетпен жаман қасиет болады.Бүгінгі сабақта әр қайсысымыз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді және жаман қасиеттерімізді ашамыз.

Жақсы адам көңілі-күн,

Жанға сауле түсірген.

Нашар адам көңілі-түн

Кеудеден отты өшірген.                                         Өлеңнің мағынасын ашу.

Жағдаяттар:

1.Серуен кезінде футбол ойнап жүріп,Серік біреумен соқтығысып қалған.Оның мұрны қанап қалды.Қасындағы балалар футбол ойнап жүре берді.

Көрніс:  Балабақшада Раушан қуыршақпен ойнап отыр еді.Ақбота келді де,қуыршағын сұрады.Раушан қуыршақты бергісі келмеді,себебі,ол жаңадан ғанаойнай бастаған еді.Оған қарамай қуыршақты Ақбота тартып алмақшы болды,қуыршақтың қолы жұлынып қалды.

Сергіту сәті:

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым.

 

Барлық істі атқарған.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.2 Kb
Количество скачиваний: 60
Просмотров: 231

Похожие материалы