Тақырыбы: Тұрақты тіркестер Қазақ тілі
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Мұрат Гүлім Мұратқызы
|
Тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) – екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, сыңарлары тұтасып барып, бір ғана мағынаны білдіреді. Мысалы: тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасы - мейірімсіз болса, су жүрек деген тіркестің мағынасы –қорқақ.
Тұрақты тіркестердің синонимдік баламалары болады, яғни оларды мағынасы жағынан жақын сөздермен түсіндіруге келеді. Мысалы: қыздың жиған жүгіндей деген тұрақты тіркестің баламасы (синонимі)- әсем, көрікті, көркем, ал ит терісін басына қаптады деген ұрысты, балағаттады, сөкті дегендердің орнын басады. Кейбір тұрақты тіркестердің бір –бірімен өзара синоним болып келетіндері де бар: азар да безер болды, ат тонын ала қашты; көз ілмеді, көрер таңды көзімен атырды, түн ұйқысын төрт бөлді және т.б.
Тұрақты тіркестер мән мағынасы жағынан бір –біріне қарама–қарсы (антоним) болып та келеді. Мысалы: ит терісін басына қаптады –басынан сипады, ат ізін салмады –ат ізін құрғатпады, бетінен оты шықты –беті бүлк етпеді, т.б.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.56 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |