Тема урока: Ардақта ата-анаңды

Предмет: Обществознание
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтыңтақырыбы:  Ардақта  ата-анаңды

Мақсаты;

а) білімділігі; Бала  бойына сүйіспеншілікті , жылылықты

                        ұялату,ата-анасын  құрмет  тұтып, адал да

                        парасатты ұл мен  қыз  болуға  тәрбиелеу;

ә)дамытушылығы; Халқымыздың тәлім- тәрбиесінің ананың

                                  ақ сүтімен, әже  өнегесімен,ата  ақылымен 

                                  берілетіндігін,өзіндік  ұлттық  қасиетімізді 

                                 балалар  бойына дарыту.

б) тәрбиелілігі;   отбасы  мүшелері  арасындағы  бауырмалдық,

                             қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа  тәрбиелеу.

Әдісі:                 Интерактивті   технология.

Барысы:            І.Ұйымдастыру .

 

Жаңа ақпарат:

Адамға ең қымбаты-отбасы.Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық,бауырмалдық болғанда ғана бірлік болады.Ата-ана отбасының ұйытқысы десек,бала отбасын берік ұстауға қажетті алтын діңгек.               Әрбір бала өз ата-анасын қадірлеп,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілікпен қараса,болашақта өз-өзін танумен қатар,өміріне нық сеніммен қадам басады.

Мәтінмен жұмыс: Ғ.Мүсіреповтың “Ақлима”әңгімесінен үзінді оқу.

Пікірлесейік:1. Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?

2. Өзгенің баласын өзіңдікіндей сүю кез-келген ананың қолынан келе ме?

Дәйек сөз:

Әке– асқар тау,

Ана– ағып жатқан бұлақ,

Бала –жағадағы құрақ.

                                                   Халық нақылы.

Әңгімелесейік.1. Адам қай уақытты ата-анасының үмітін ақтай алады?

2. Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласын ба?

3.Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?

Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесінен үзінді оқу

«Әке мен бала» видео ролигін көрсетіп, балалар оны қызыға талдады.

*Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?

*«Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер?

Сөзжұмбақ. Жұмбақ шешу.Ата-ана  туралы  дана сөздер айтудан жарыс.

 

Түйін: «Ата-анамды не үшін құрметтеймін» дегенді ойыңа алушы болма.Олар сен үшін өлуге де даяр тұрады...Соны сен білуің керек.

 Әрбір перзент ақылды болса,дана болса, ата-анасының мейір-махаббаты үшін ештеңені орындаудан бас тартпайды...Ата-ананың міндеті-сені тәрбиелеп,өсіру және жақсылыққа үйрету.

  Ата-анаңның алдында шыншыл бол.Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың ризашылығын ал.

                                              Кабуснамадан

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 2.51 Mb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 95

Похожие материалы