Тема урока "Отбасы маңызы- баланың тірбиеленуі

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

          Отбасы маңызы - баланың тәрбиеленуі

Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиенің табысты болуы ата - аналардың тәжірбиесіне кәсіби шеберлігіне, мәдениетіне, ынтымақтастығына, отбасында бір-бірін түсінушілігіне өзара қарым-қатынасына, көз қарастары мен мақсаттарының бірлігіне байланысты.Қазақ халқы өз ұрпағын инабаттылыққа, ата-бабаларымыздың тарих дәстүрлерімен бірге жасасып келген имандылық қасиеттерге тәрбиеленген. Осы сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бала бойына егу- ата-ананың борышы.

Қазақ отбасы, атап айтсақ, әке мен ана өз балаларың керек десе немерелерін тәрбиелеуде бар бар күш қуаттың бүкіл өмірін сарап еткен адамдар. «Баламды жанымдай көремін, баламның баласын балымдай көремін» деген нақыл сөздер босқа айтылмаған.

Баланы жастайынан кәсіптік жұмысқа үйрету ата-аналардың мақсатты ісі болған.  Ал ата-бабаларымыздың өзінің ұрпағына тәлім-тәрбиені, өмірлік кәсіпті кітап бойынша емес, өмір тәжірбесіне сүйене отырып үйреткен. Тәрбие-тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі өнеге көрсетуінде.Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірінен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы  керек.

Тәрбиелі отбасынан тәрбиелі ұрпақ тарайды. «Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» деп В.А. Сухомлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата-ана әр дайым жадында ұстауы тиіс.Баланың жақсылығында, жамандығында. Жемісі мен жеңісінде көретін ата-анасы!                                                   

                                        Бижанов ауылы   «Күншуақ» балабақшасы

                                                            Тәрбиеші: М.С. ХамраеваТақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Мақсаты:Балаларға Қазақстан Республикасының   елбасы,рәміздері,туралы түсінік беру.

Балаларды Отанның сүйе білуге тәрбиелеу.Сөздік қорларын   байыту.Білімдерін толықтыру.

Әдіс-тәсілдері:.Гимн,сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелесу, сергіту сәтті,жылулық шеңбер,мақал-мәтелдер.

Көрнекліктер:Елбасының суреті,Рәміздер, тақырыптық суреттер.

 Сабақтың  барысы:Балалар еліміздің гимннан бастайды.Балалар бәрі бірге гимнні айтады.Балалар бір-бірімен  амандасады, жылы сөздер айтады.

Жылулық шеңбер.Елімізде тыныштық болсын!

                                 Аспанымыз ашық болсын!

.                                Күніміз  жарық болсын!

                                 Бәріміз дос болайық!

                                 Деніміз сау болсын!         

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз өзіміздің Отанымыз Қазақстан туралы, туған жеріміз, елбасы туралы үлгілі тәрбие сағатымызды бастаймыз.

«Отан қуат, отбасы шуақ» дегендей Отан отбасынан басталады. Отан- ол адамның туып өскен жері, халқы.

-Балалар біздің елімізге, кең байтақ жерімізге жетер еш жер жоқ. Тәуелсіздік күні 1991ж 16 желтоқсан күні қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылды. Бұл күн сөнген шырақтың жанған күні.

Суретпен жұмыс:Біздің Отанымыз Қазақстан,Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Рәміздеріміз – Гимн, Ту, Елтаңба. Астанамыз –Астана қаласы.

Ойын: «Ұшақ»,бәріміз ұшақа отырып  бас қаламыз Астанаға ұшамыз.                      

Тәрбиеші: Балалар, қане кім біледі? отан туралы тақпақтар.

І бала:    Отан менің ата-анам,

               Отан досым баурым,

               Отан өлкем астанам,

               Отан туған ауылым.

ІІ бала:  Алтын күн нұр шашқан,

              Әлемге танылған,

              Тәуелсіз Қазақстан.

ІІІ бала:  Тату тәтті тұрамыз,

               Бірге ішеміз астыда,

               Бірге сайран құрамыз.   

Сергіту сәтті:  Орнымыздан тұрамыз,

                          Қолымызды жаямыз. 

                          Құстарға ұқсап,

                          Ұшып-ұшып аламыз

Сұрақ-жауап. –Балалар біздің президентіміз кім?

                         -Біздің отанымыз қалай аталады?      

Қорытынды: «Отан оттан да ыстық», отанды қорғайтын сендерсіңдер, осы кең байтақ, байлығы мол отанымызда бақытты болыңдар.

 

                                        Бижанов ауылы   «Күншуақ» балабақшасы

                                                            Тәрбиеші: М.С. ХамраеваБілім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту:

Тақырыбы: Қоян, қонжық

Мақсаты:Балаларды аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекліктер: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты.

Сабақтың барысы: Амандасу.

Шаттық шеңбер: -Бір-бірімізге қарап,жақсы сөздер айтайық. «Күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты болсын!».

Тәрбиеші топта қандай ойыншықтар бар екен деп, ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасайды.Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратады. Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды.

Балалар міне біз ойыншықтарды жұмсақ және қатты деп екіге бөлдік.

Бүгін біз балалар осы жұмсақ ойыншықтардың ішінде қоян және қонжықпен танысамыз.

Мынау қоянның баласы көжек. Құлағы ұзын, түсі ақ. Ол секіріп жүреді,көжек сәбіз жегенді ұнатады.

Мынау аюдің баласы қонжық. Ол балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қоңыр. Ол қорбаңдап жүреді.

Ғажайып сәт:Балалар, біреу есікті тақылдатып жатыр,қарап көрейік бұл кім екен? Ой, балалар қараңдаршы бізге қонаққа көжек пен қонжықтың өздері келіпті.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қош келдіңдер көжек пен қонжық.

Балалар қараңдаршы қоянның түсі қандай екен? –Ақ.

Ал, құлағышы?- ұзын. Ол қалай жүреді?-секіріп.

Қонжықтың түсі қандай? –қоңыр. Ол нені жақсы көреді? –балды.

Жұмбақ жасыру:

Қонжық: балалар мен сендерге жұмбақ айтайын сендер жасырып көріңдер.

         Құлақтары қазықтай,

         Секендейді жалықпай. Бұл не? – Қоян

         Тәтті көрсе бас алар,

         Айнымайды баладан.

         Үп-үлкен боп жасқанар,

         Кіп-кішкентай арадан.  Бұл не? –Аю.

Сергіту сәті: Ақ қоян-ау, ақ қоян,

                     Бетіңді жу,

                     Қолыңды сүрт

                     Айнаға қарап,

                     Шашыңды тарашы,

                     Киіміңді киіп,

                     Балабақшаға қарай жүрші,

                    Орныңда отырып,

                    Тамағыңды іш.     

Суретпен жұмыс: Балалар, біз қонақтарымыз бен бірге көжек пен қонжықтың суреттерін салып, жапсырайық.

Екі топқа бөлініп отырайық. Бірінші топ қоянның суретін салады, екінші топ қонжықтың суретін жапсырады.

Көжек: Жарайсыңдар балалар! Сендер суретті керемет салдыңдар.

Біз бүгін қонжық екеуміз, сендерге ойын алып келдік, бізбен бірге ойнайсыңдарма?

-Иә, біз ойын ойнағанды ұнатамыз.

Онда ойынның шарты мынандай: Ойыншықтарды қатар-қатар тізіп қоямын сендер көздеріңді жұмасыңдар,осы кезде мен бір ойыншықты тығып қоям сендер қандай ойыншық жоқ екенін табасыңдар.

Ойын қызығушылықпен ойналады, бір неше рет.

Көжек және қонжықпен қоштасу.

Қорытынды:Балалар біз бүгін кіммен таныстық? Балалар мынау не?                               –Көжек.  Түсі қандай екен? –ақ.Көжек кімдің баласы?-қоянның

Мынау кімдің баласы? –Аюдің. Оның түсі қандай?–қоңыр.

Бұлар қандай ойыншықтар? – жұмсақ.

Балалар қонжық тәттіні жақсы көреді иә, ол сендерге де тәттілер алып келіпті.

 

Назарларыңызға рахмет, осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.                                                    Бижанов ауылы «Күншуақ»   балабақшасы Тәрбиеші: М.С. Хамраева

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.82 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 86

Похожие материалы