«Толағай» спорттық жарысы

Предмет: Физкультура
Категория материала: Конспекты
Автор:

«Толағай» спорттық жарысы

Тақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Түрі: жарыс
Көрнекілігі: жіп, доп, сыпырғыш
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе сөз.
3.Спорттық жарыс.
4.Қорытынды.

II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай өтілгелі отырған «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.
«Тұлпар» тобы.
Топ басшысы: Магзумов.Ж
Мүшелері: 1.Мұхтаров.Ж
2.Болатханова.М
3.Құсманов.Ж
4.Маулетханов.Д
5.Қасымқанова.А
Топ ұстанымы: Жүзден жүйрік танылады сайыста,
Ұмтыламыз біз ешкімнен қалыспай.
«Жас қыран» тобы.
Топ басшысы. Нұрғыметов.Д
Мүшелері: 1.Тұрсынқожа.Ұ
2.Нұрланқызы.Ш
3.Дебенов.Ғ
4.Мүташев.С
5.Қайсанова.Ж
Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.
Оқу ісінің меңгерушісі: Касенова.Г.Д
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Магзумов.Б.Н
Бастауыш сынып мұғалімі. Кайрдолдина.Г

Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
III. Сайыстың бағдарламасы.
1 «Кенгуру»
2. «Секірмек»
3. «Фут баскет»
4. «Сенбілік»
Сонымен бірінші ойынымыз
1. «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.
2. «Секірмек». Қатысушы топтар скакалкамен жүгіреді.
3. Фут. баскет. Бірінші ойыншы допты қолымен айдап әкеліп, екінші ойыншыға береді. Ал, екінші ойыншы допты аяғымен кезек-кезек айдап әкеледі. Үшінші және төртінші ойыншы допты қолмен айдап, алтыншы ойыншы аяқпен орындайды.
4. «Сенбілік» Шеңбер ішіндегі сыпырғыш бөліктерін бес ойыншы бір-бірлеп әкеліп алтыншы ойыншыға береді. Ал, алтыншы ойыншы сыпырғыштың бес бөлігін ала жүгіріп доптарды сыпырғышпен кері сыпырып әкету керек.
Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.
3 - сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.

IV.Марапаттау.
V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.
Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.05 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 185

Похожие материалы