Материал Транзистор жұмысының шекті режимдері. автора Калакова Гульсим Кабдуловна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Шекті режимдерінің шамалары. Транзистор жұмысының жіберілетін шекті шамалары жіберілетін максималды кернеу және токтармен, максималды қуаттармен және құралдың корпусының мүмкін болатын температурасымен анықталады. Транзисторды істен және нормалды жұмыс тәртібінен шығаратын негізгі себептер: ауысулар арасындағы шамадан тыс көп кері кернеу және ауысулар арқылы токты көбейткендегі құрылғының қызып кетуі.Ақау(пробой) түрлері. Транзистордағы ақаулардың(пробойлардың) даму механизмдері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан ақау(пробой) түрлерін екі түрге алғашқы және салдарлық деп екі түрге бөледі. Транзистордың алғашқы ақаулары(пробойлары) қайтымды болуымен еркешелінеді. Егер транзистор ақау(пробой) режиміне түсетін болса, онда оның жұмыс тәртібі бұзылады, бірақ ақау(пробой) режимінен шыққанда жұмыс тәртібі орнына қайтып келеді. Кез-келген салдарлы ақау(пробой) қайтымсыз. Алғашқы ақаудың(пробойдың) негізі түрлері: көшкінді, жылулық және токты.Транзисторды индуктивті жүктеу кезінде ол және С элементтерінен тұратын қарапайым тізбекті қолданады, сурет 7.7. Бұл тізбек келесі жолмен жұмыс істейді. Транзисторды жабу кезінде индуктивті жүктемемен ток мәні мен бағытын өзгертпей RС-тізбегіне өтеді және С конденсаторды зарядтайды. Энергияның жартысы R резисторына жұмсалады.