Тәрбие сағаты "Ана-өмір шуағы"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Толегенова Асем Мирасиловна
|
Уақыты
Сабақ кезеңдері.
Мұғалімнің іс-әрекеті.
Оқушылардың іс-әрекеті.
3 мин.
5 мин
10 мин
10 мин
5 мин
5мин
3 мин
5 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
«Шаттық шеңбері» Топқа бөліну.
2.Сабақтың жүру барысы
*Мұғалімнің құттықтау сөз.
*Оқушылар өлең оқиды.
Сыйлықтарын табыстайды.
Балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.
-Мектеп жасындағы балаларымыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты. Қатысушылар жауап беруге дайындала бергенше, көрермен ата-аналарға айтылатын материал).
Адамға ат қойылудың да өзіндік бір тарихы болады. Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы да бар. Ол ономастика деп аталады.Адам аттарын, фамилияларды, қала, өзен, көл, тау аттарын, географиялық атауларды зерттейді. Осы зерттеулерге сүйенсек, ежелгі гректер Петр деген есімді көп қойған екен. Оның қазақша мағанасы «тас» . Тастай мықты, бекем болсын дегендері шығар. Орыстар Иван деген атты көп қояды. Ол біздіңше «Құдайберген» деген сөзі, т.б.
МІНСІЗ БАЛА ережесі
«Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді.
Сергіту сәті
«Ана портреті» ойын.
«Комплимент» ойыны
Аяқталмаған мақал – мәтелдерді аяқтау.Мағынасын ашу.
1. Бала жас шыбық сияқты, (қалай исең солай иіледі)
2. Анасы қандай болса – (баласы сондай).
3. Әкеге қарап ұл (өссе, шешеге қарап қыз өсер).
4. Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.
«Кім жылдам?» ойыны
Рефлексия.
«Ана арманы»
Сәлемдесу.
Ата-аналар топқа бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады.
1 – бала: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын шашайық.
2 – бала:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
3-оқушы: Алақаны ақ самал,
Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
4-оқушы:
Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
5-оқушы:
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.
Әр ана өз баласының есімі туралы айтып өтеді.
Әр топ ереже құрып,талдайды.
«Анашым» әні
Әр ана өз портретін «Сурет көрмесінен» табады( алдын ала әр оқушы өз анасының суретін салады).
Балалар шығып өз анасын мақтайды.Өзі салған суретті анасына сыйлайды.
Дұрыс жауапты тексеру.
Балаларын киіндіріп жарысады.
Әр ана өз баласына байланысты арманын жазады,тілек ағашына жапсырады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 21.45 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |