Тұрлаусыз мүшелер қазақ тілі 3-сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

66-71 – жаттығулар

Бастауыш сынып мұғалімі: Халхабай Тэмдэг

Сынып: 3

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: 1. Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру.

2. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

3. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі-өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпей-ілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, тестілік тапсырмалар, сөзжұмбақтар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

2. Үй тапсырмасын анықтау:

Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқып талдайды. (Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне 10 сөйлем) Әр топтан 1-1 оқушы шығып тапсырманы оқиды.

Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты табу, сұрақ қою.

Жаңа сабақ: «Тұрлаусыз мүшелер»

Оқушыларға сызбаларды беремін.

Сөйлем мүшелері – тұрлаулы – тұрлаусыз

Мұғалім көрсеткен суретке сөйлем құрап айтады.

Сөйлемдердегі тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.

<> Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер дейміз. Оларға:

Қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? Қайда? т.б. сұрақтар қойылады. <>

Оқулықпен жұмыс: «Б» әрпін көркем жазу

66- жаттығу. Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу.

Жадыра келді / Жадыра қалаға келді

Қоңырау соғылды / Қоңырау қайта-қайта соғылды

Мал өседі / Мал төлден өседі

67- жаттығу.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.

Әсия гүлді ұнатады. Әдемі гүл өсті. Біз ұшаққа міндік. Ұшақ әуежайға қонды. Жарастың бригадасы жұмысқа кірісті.

Сергіту: Мақалдың сыңарын тап:

1. Мұғалім: Оқусыз білім жоқ

Оқушылар: Білімсіз күнің жоқ.

2. Мұғалім: Әдепті бала, арлы бала

Оқушылар: Әдепсіз бала, сорлы бала.

3. Мұғалім: Жақсыдан үйрен,

Оқушылар: Жаманнан жирен.

4. Мұғалім: Жаздан өнім жиған-ақылды бала,

Оқушылар: Орақ кезінде ұйықтаған-арсыз бала.

5. Мұғалім: Жаңбыр жауса жер ырысы,

Оқушылар: Батыр туса-ел ырысы.

Шығармашылық жұмыс:

70-жаттығуды орындау. «Қалташық» ойыны

Тестілік тапсырма: (Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, қайталау мақсатында жүргізіледі)

Сөзжұмбақ: І ІІ ІІІ

І топ:

Ер қанаты

Сексек атаның кішкентайы

Жұп сан

Кеш

ІІ топ:

Шашылғанды

Жұп сан

Оқығанды көңілге

Шешкен киімді қайда қоясың?

ІІІ топ:

Екі бестің қосындысы

Қасиетті тағам

Кішкентай адам

Шебер

Риза болу

Венн диаграммасы:

Тұрлаулы мүшелер: Тұрлаусыз мүшелер:



Ұқсастығы:

Тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелер, сөз табы.

Сабақты қорыту:

1. Тұрлаулы мүшелердің сұрақтары: Қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер? Не істеді? Не қылды? Қайтті?)

2. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары (Қандай? Кімге? Неге? Нені?

Қашан? Қайда?)

3. Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау.

4 топқа сөйлемдер беріледі.

Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма: 71-жаттығу, ережелерді жаттау.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 15 Kb
Количество скачиваний: 50
Просмотров: 224

Похожие материалы