Здесь была ссылка на работу Туыстық қатынастар автора Айпеисова Нурила Пирмашовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Туыстық қатынастар. Сабақтың мақсаты: туыстык катынастар туралы түсіндіру. Сабактың міндеттері: 1. Отбасы мен туыскандар арасындагы өзара туыстық катынастар туралы түсінік калыптастыру. 2. Отбасында болатын түрлі жағдаяттар барысында шешім іздеу мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру. 3. Туған-туыс, жақындарын жақсы көруге, сыйлауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Окушылар 6ip-6ipiнe карама-карсы қарап тұрып, жылы сөздер айтады. 2. Жана тақырыпты меңгерту. Отбасы туралы ән тыңдату. - Бала куанышын да, ренішін де бірінші ата-анасына келіп айтады. Көмекке де соларды шақырады. Сонымен қатар ата-анадан басқа саған көмекке келетін жақын адамдар болады. Олар ата-анаңның туыстары. Бүгін туысқандар, яғни туыстық қатынастағы адамдар жайлы әңгімелейміз. 3. Оқулықпен жұмыс. 1. Мәтінді окушылардың өздеріне өздігінен оқыту. 2. Оқығандарын қалай түсінгендерін білу мақсатында әңгіме жүргізу. 3 Туысқандар деп кімдерді айтамыз? 4 . Өздеріңнің жақын және алыс туысқандарың туралы әңгімелеңдер. 5 Осы әңгімедегі Әлішердің туысқандарын атаңдар. Әлішердің отбасылық шежіресін құрастырыңдар. 4. Кел, ойланайык! «Жылуы жетпейді» дегенді калай түсінесіңдер? - Бұл жерде қандай жылылык туралы айтылған? - «Отбасы бақыты» дегенге ассоциация құрастырыңдар. 6. Сабақты қорытындылау. - Әркім өзінің отбасы және туысқандар арасындагы қарым-қатынастар туралы эссе жазыңдар. (Бірнеше эссе тыңдалады). «Өзіңді тексер!» айдары. Сұрақтары мен тапсырмалары тарау соңында берілген. 7. Үйге тапсырма беру. Мәтінді оку. Өз отбасы, туыскандарыңның шежіресін жасап келу.