Урок на тему "My day"

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2 сынып

Тақырып: My Day- Менің күнім

Мақсаты :«My Day» тақырыбы бойынша жаңа лексикамен таныстыру.

Міндеті: балаларды жаңа лексикалық бірліктермен және құрылымдармен таныстыру; үлгі бойынша өз күн тәртібін сипаттап, What do you do during the day? Сұрағымен жұмыс жүргізу және дайын сөз тіркестерін пайдалана отырып жауап беру.

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

1.Фонетикалық жаттығу. Әдістемелік құралдағы «Фонетикалық идеялар топтамасын» қараңыз.

2.Үй жұмысын тексеру. 3. Оқулық және жұмыс дәптері бойынша жұмыс жүргізу. Жаңа тақырып.

Сабақ күн тәртібін сипаттауға арналған.

1-жаттығу. Оқимыз және аударамыз, жаңа сөздер мен тіркестерді оқимыз. Бұл жаттығуда Present Simpleболымды түрінде қолданылатын әртүрлі етістіктер ұсынылған, сонымен қатар іс-әрекеттің болған уақыты көрсетілген. Осындай жан-жақты материалмен жұмыс істеу үшін уақыт қажет. Осы тақырыпты бекіту үшін әртүрлі ойындар ойнауды ұсыныңыз.

Мысалы:

А) Балалар кітаптың бетін жапсың. Тақтаға сөйлемнің сөздерін ретсіз шашып жазыңыз. Балалар осы сөздерден сөйлем құрасын және дәптерлеріне жазып қойсын.

Б) “Hangman” ойынын ойнау арқылы жаңа лексикалық біліктерді бекітуге болады. Етістік таңдап алып, сөйлемде қанша әріп болса, тақтаға срнша сызықша салу қажет. Балалар әріптерді бір-бірлеп айтып, сөзді табуға тырысады. Егер әріп дұрыс айтылмаса, мұғалім тақтаға “hangman” – ды ақырындап салады. Егер тақтада адамды бірінші болып салып бітсе мұғалім жеңеді. Мұғалім адамды салып біткенше, балалар барлық әріптерді тауып алса, онда балалар жеңіп шығады.

В) Mime the verb. Бала тақта алдына шығып, пантомима көмегімен бір іс-әрекетті көрсетеді (ұйқыдан ояну, тіс жуу т.б.), оқушылар оның не бейнелеп тұрғаның табулары қажет. I wash my face етістігін жауап берулерін қолдап көтермелеу. Әрекеттің бұл түрі оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіруге көмектеседі.

Жұмыс дәптеріндегі жаттығулар жаңа лексиканы бекітуге бағытталған.

1-жаттығу логикалық ойлауды дамытады. Балалар суреттерді хронологиялық тәртіпте нөмірлеп шығулары қажет. Әрбір суреттің астына тиісті етістігін жазу қажет.

2-жаттығуды үй тапсырмасы ретінде беруге болады.

Жаңа лексикалық материалдың көлемінің үлкендігіне байланысты осы сабақты екіге бөлуді ұсынамыз.

5. Сергіту сәті.


Clap, clap, clap your hands,

Clap your hands together.

Spin, spin, spin around,

Spin around together.

Wink, wink, wink your eyes,

Wink your eyes together.

Wash, wash, wash your face,

Wash your face together.

March, march, march, march to your seat,

March to your seat together.


6.Үй жұмысы 7. Сабақты қорытындылау.

Балалар сабақта есте сақтаған сөздер мен сөз тіркестерін қайталайды. Егер олар сөздердің кейбірін айта алмаса, естеріне салып, тағы қайталату қажет.

Қайталауға арналған «ойындар топтамасын» пайдалана отырып, сабақтың соңғы 5 минутын өткенді қайталауға арналған жөн.

Мұғалім назарына!«See You Later, Alligator» өте көңілді, қарапайым өлең. Ол кез келген сабақты жақсы көңіл-күймен аяқтауға көмектеседі. Әнді айтқанда қимылмен көрсетуге болады.

Goodbye, goodbye. (Оң қолмен, содан кейін сол қолмен бұлғау.) It’s time to go. (Сағатты көрсетіңіз.) Goodbye, goodbye. (Оң қолмен, содан кейін сол қолмен бұлғау.) I don’t want to go. (Келіспеген кейіп танытып, басыңызды шайқаңыз және содан кейін қоштасып қол бұлғаныз.)See you later, (қолдың саусақтарын дүрбі ұстағандай ұстап, дүрбіден қарағандай қараңыз. Қолтырауынды көргендей болып, аусақпен меңзеп көрсетіңіз), Alligator. (Қолмен қолтырауынның апандай ашылған аузын бейнелеңіз.) Bye, bye, bye. (Балалармен қоштасқансып, қол бұлғаныз.)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.46 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 131

Похожие материалы