Урок по развитии речи тема «Ойыншықтар мерекесі»
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кожанова Кульжан Буркутбаевна
|
"Описание материала:
"Балаларға ойыншықтар туралы түсінік беру. Ойыншықтардың түрлерімен таныстыру. Ойыншық компьютер, компьютерлік ойындар туралы мазмұнды әңгелер айтып беру, балаларды жақсылыққа талпынуға баулу.Көрнекіліктер: ойыншықтар (доп, машиналар, жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, конструкторлар) Оқу іс-әрекетінің барысы Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Біз қонақтарымызға, өзімізге арнап тақпақты хормен айтып берейік. Қуанамын мен де, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін, Бәріңізге сәттілік тілейміз! Балалар орындарына барып жайғасады.
"Выдержка из материала:
"Тіл дамыту
"Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар мерекесі
"Мақсаты:
Жаңа сөздер резина, ағаш, жұмсақ.
Көрнекіліктер: ойыншықтар (доп, машиналар, жұмсақ ойыншықтар, қуыршақтар, конструкторлар)
Оқу іс-әрекетінің барысы
Балалар бүгін біздің сабағымызға қонақтар келді. Біз қонақтарымызға, өзімізге арнап тақпақты хормен айтып берейік.
Қуанамын мен де, қуанасың сен де.
Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге.
Бүгінгі күніміз сәтті өтсін,
Бәріңізге сәттілік тілейміз!
Балалар орындарына барып жайғасады.
Өткен сабақты бекіту:
"Сұрақтар:
"Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?
Күз туралы тақпақ
Серікбол:Алтын, алтын, сары алтын
Алтын күзде нұр жатыр
Біз мектепке баратын.
Алақай ау күн жатыр.
Аяулым:Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
"Сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Бүгінгі біздің тақырыбымыз «Ойыншықтар мерекесі» деп аталады. Бүгін бізге қонаққа ойыншықтардың досы Ақмарал келді. Ақмарал бізге ойыншықтар әкеліпті. Қазір сол ойыншықтарды сендерге таратып беремін.
"- Қане, балалар, алған ойыншықтарың туралы бізге айтып беріңдер? /балалардың жауабы/
- Балалар, сендер ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?
- Ал, осы аю, доп, қоян, қуыршақ бәрін жалпы қалай атауға болады?
- Дұрыс, ойыншық.
- Ойыншық сөзін буынға бөлу.
"Балалар сендер ойыншықтар туралы тақпақтар білесіңдер ме? Ендеше қазір біз «Гүлдер мен көбелек» ойынын ойнайық.
"Ойынның шарты:
"Сендер гүлдерсің, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады. Көбелек қонған бала ойыншықтар туралы тақпағын айтып береді.
"Балалар бастарына гүл бейнелі тақияларын киеді. Ал тәрбиеші көбелекті қолына алып балалардың жағалап қондырады.
"Балалар Ақмаралдың қорабында тағы хатта бар екен. Қане, ашып көрейікші. Контур мен салынған ойыншықтардың суреттері бар екен. Балалар бұл суреттерде боялмаған ойыншықтардың суреттері бар екен. Ақботаға осы суреттерді біз әдемілеп бояп берейік. Балалар түсті қарындаштарымен суреттерді бояйды.
"Қорытынды . балалардың суреттері бағаланады.
"Балалар біз ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресің ме? Сондықтан ойыншықтарымыз күтіп ұстаймыз. Солай емес пе? Ал қазір ойыншықтар туралы өлеңімізді айтып берейік те сабағымызды аяқтайық.
Балалар шеңберге тұрады. Ән «Ойыншықтар»
"Қазір балалар өздеріңнің жақсы көретін ойыншықтарың туралы сурет салайық.
"Балаларға ойыншықтардың суреттері салынған сұлыбтар таратылады. Балалар суреттерді бояйды.
"Қорытынды . балалардың суреттері бағалап.
"Балалар біз ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресің ме? Сондықтан ойыншықтарымыз күтіп ұстаймыз. Солай емес пе? Ал қазір ойыншықтар туралы өлеңімізді айтып берейік те сабағымызды аяқтайық.
"Балалар шеңберге тұрады. Ән «Ойыншықтар»
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.54 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |