Қышқылдардың жіктелуі,алынуы, физикалық және химиялық қасиеттері

Предмет: Химия
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Қышқылдардың жіктелуі,

      алынуы,химиялық   

          қасиеттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы: 8 кл.Химия

Тақырыбы:§47Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,химиялық қасиеттері.

Мақсаты:                                                                                                                                                                Білімділік:Оқушылардың қышқылдар жайлы алған білмдерін еске түсіру

                     арқылы, жіктелуі,алыну жолдары ,қасиеттері жайында түсінік

                     қалыптастыру.

Дамытушылық:Өз бетінше жұмыс істеу қабілетін , химиялық

                               сауаттылығын,ойлай білу дағдысын  дамыта отырып

                               оқыту.

Тәрбиелігі:Оқушылардың дүниетанымын,өзіне қажетті білімді өзі іздеп

                     тауып ала   алатындай тұлғаны тәрбиелеу.Оқушының тұлғалық

                    қалыптасуын дайындау   арқылы,қышқылдардың

                    өмірде,тұрмыста,қолдануын білуге тәрбиелеу.                                                                                                                                                                                                   

Типі: Жаңа білімді меңгерту

Түрі: Демонстрациялық

Әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Көрнекілігі:Слайдтар, интерактивті тақта,реактивтер т.б

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

                 2.Үй тапсырмасын сұрау.

                 3.Жана сабақты түсіндіру

                 4.Жана тақырыпты бекіту

                 5.Үйге тапсырма беру  

                 6.Бағалау                      

 1.Ұйымдастыру кезеңі:

     Елбасы жолдауында 2020жылға дейінгі даму стратегиялық жоспары  бойынша алдағы бес жылда химия кешендерінің дамытатындығын айтты.Ол үшін химиялық сауатты,білімді,саналы ұрпақтардың қажет екендігін баса назар аударып сөз етті.Сондықтан біз ел басының сөзіне   назар аударып, химия пәнінен терең білім алып ел басы сөзіне лайықты болуға тиіспіз!                    

  Жаңа сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабаққа қажетті  өткен сабақтардағы мағлұматтарды  еске түсірейік.                      

                             Ой-қозғау.(өтілген тақырыпты пысықтау)

І. Сұрақтарға жауап алу

1. Бейорганикалық  қосылыстар  қалай жіктеледі?

2. Оксидтер дегеніміз не?

3. Негіздер дегеніміз не?

4. Тұздар дегеніміз не?

5. Қышқылдар дегеніміз  не?

 ІІ. «Адасқан  формулаларды» табыңдар.

Оксидтер

CaO

 

HCL

CaCO3

Қышқылдар

BaO

Zn(OH)2

H3PO4

Негіздер

H2SO4

K2O

KNO3

Тұздар

NaOH

MgCL2

AL(OH)3

Жауабы:

Оксидтер:CaO,BaO,K2O

Қышқылдар:HCL,H3PO4,H2SO4

Негіздер:Zn(OH)2,NaOH,AL(OH)3

Тұздар:CaCO3,KNO3,MgCL2

Жаңа сабақ: қышқылдарды қандай белгісіне  байланысты жіктей аламыз?

1-тапсырма: Сіздердің алдарыңызда 2 қатарда формулалар тізілген,әр қатардан тек қышқылдарды теріп алайық.

HCL,NaCL,HNO3,SO2, K2 О,H2SO4

Ca3(PO4)2,AL2O3,Cu(OH)2,H3PO4,HF, H2S

Жауабы: HCL, HNO3, H2SO4, H3PO4,HF, H2S

Сұрақ: Қандай заңдылық байқадыңыз ? Қышқылдардың құрамы қандай болады екен?

Жауап: Тізіп жазып алынған кейбір қышқылдардың  құрамында оттегі болса, ал кейбіреуінде оттек элемент жоқ.

Осы белгісіне байланысты қышқылдарда 2 топқа жіктейміз:

 

 

 

 

 

 

 Енді қатардан теріп алған қышқылдарды оттек атомына байланысты жіктелуіне мысал етіп жазамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қышқылдар сонымен қатар сутек атомының санына байланысты бір,екі,үш негізді  болып бөлінеді.

 

Қышқылдардың алынуын «кім зерек» ойынымен жүзеге асырамын. Ол үшін тақтаға реакция теңдеуін мәтінмен жазамын, ал оқушылар сол мәтін бойынша тиісті  реакция теңдеуін жазып шығады.

 

«Кім зерек» ойыны

1.Қышқылдық оксид +су→ қышқыл

  

2.Тұз+қышқыл→ жаңа тұз +жаңа қышқыл

 

3.Сутек газы + бейметалл → қышқыл

 

 Қышқылдардың химиялық қасиеттерін жақсы түсіну үшін химиялық тәжірибелер жасаймыз.

1-тәжірибе: Белсенді металл +қышқыл→ тұз+сутек газы

 

2- тәжірибе: Белсенді металл оксиді  +қышқыл → тұз+су

 

3-тәжірибе: негіз+қышқыл→ тұз+су

 

4-тәжірибе: Тұз+қышқыл→тұз+су+көмірқышқыл газы

 

Тәжірибелер нәтижесін оқушылар өздері шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту: Оқушылар 3 топқа бөлініп,жасырын сөз жасырылған карточкалар

              таңдайды.

                         

                            І топ: «Сенім»

                          ІІ топ: «Делегат»

                          ІІІ топ: «Сайлау»

        «Сенім»  карточкасын алған  топтан топ жетекшісі сұрап оқушыларды өзі бағалайды, мұғалім сенеді, журналға бағасын қояды.

       «Делегат» карточкасын алған топ бір оқушыны өздері есеп шығаруға делегат ретінде жібереді.

       «Сайлау» карточкасын алған топтан мұғалім өзі бір оқушыны сайлап тапсырма береді.

Үйге тапсырма: §47

Баға алу үшін:

«3»-1,3 жаттығу

«4»- 4,6 жаттығу

 

«5»- 7,9 жаттығу 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 53 Kb
Количество скачиваний: 20
Просмотров: 135

Похожие материалы