Здесь была ссылка на работу «Қыз еркем -анасымен көркем» автора Рыскалиева Айгуль Султангалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
: Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, отбасы тәжірибесін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту. Көрнекілігі: Мақал- мәтелдер, Нақыл сөздер. Сабақтың барысы: 1-жүргізуші. Ана-өмір қолдаушысы әлемнің Шаңырақтың шаттығы мен шуағы Сейілмесін жанарынан ананың Тіршілікке төккен нұрлы шуағы Аялайық аналарды әрдайым Қуанышқа бөлейікші өздерін Әжелердің,аналардың,қыздардың Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!! 2-жүргізуші. Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, жарысқа қатысушы 2 «ә» сынып қыздары, бүгінгі сыныбымызда өткелі отырған “ Қыз еркем, анасымен көркем ” атты сайысқа қош келдіңіздер! 1-жүргізуші Жанұямыз-сәніміз, Отбасымыз-әніміз. Біз бастадық сайысты, Қош келіпсіз бәріңіз! 2-жүргізуші Асыл іс көп халықта, Іле жүрсең құлаққа. Ізденген жетер мұратқа, Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы сұлу аруларымызбен аяулы аналарымызды шақырамыз. 1-жүргізуші Ақ көңілмен, ниетпен, Әділ баға берсін деп, Шаршамай еш жалықпай, Айтқанына көндік деп,