«Қыздар сұлу көрінер өнерімен» (Сыныпаралық сайыс)
| Предмет: | Классному руководителю |
|---|---|
| Категория материала: | Презентации |
| Автор: |
Саркулова Айгуль Жаксылыковна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқыныңқыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу.
Көрнекілігі: „Қыз-елдің көркі" (ұлттық киімді қыздардың суреттері), „Өнер таусылмас азық"(қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал-мәтелдер, қанатты сөздер.
1- жүргізуші: Армысыздар ардақты аналар, аппақ арулар, құрметті қонақтар!
2- Жүргізуші: Табиғаттың оянып, сезімнің шабыттанатын жылдың бір мезгілі көктем де келіп жетті.
1- жүргізуші:Көктеммен бірге көңілге қуаныш ұялатар мереке, мейрамдарда келіп жетті.
2- жүргізуші: Ата- бабамыз сонау ерте заманнан бері өздерінің ару қыздарын аялай, құрметтей білген. Қыз тәрбиесін аса ыждағаттылықпен көңіл бөлген. “Күнсіз гүл өспес, күтусіз қыз өспес” деген қанатты сөздер осыдан қалса керек.
1-жүргізуші:
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлгісі осы,
Қыз сұлу көрінеді өнерімен
Ендеше, “Қыз сұлу көрінер өнерімен” атты қыз сыны сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
2- жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысатын тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей созылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты сымбатты аруларымызды ортаға шақырсақ,
1-жүргізуші: Осы сайысымыздың әділқазы алқасымен таныстырып өтсек:
1 Мектеп кітапханашысы – Шәкібаева Райгүл апай
2 Мектеп пссихологы – Нұрмағамбетова Раушан апай3. Бейнелеу өнері пәні мұғалімі – Мурзабаева Ақтолқын апай
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
|---|---|
| Размер: | 55,5 КБ |
| Количество скачиваний: | 13 |