«Өз құқығыңды білесің бе?» дөңгелек үстел

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарымен таныстыру. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының баптары жайлы ақпарат беру. Тәрбиелік мәні: Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Дамытушылық: Саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру; қоғамдағы заңдарды білуге, оны құрметтеуге баулу. Сабақтың түрі: пікрсайыс  Өту барысы. Құрметті ұстаздар, оқушылар 8-11 кластар  аралығында өткізгелі отырған  «Өз құқығыңды білесің бе?»  атты кешімізге қош келдіңіздер. Адамның шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң- 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы». Міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 жылы 20-қарашада «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды. Бүгінде бұған 91 мемлекет кіреді.. Конвенция дегеніміз- арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген. ҚР «баланың құқықтары туралы заңы» 2002 жылы 8 тамызда қабылданып,10 тараудан, 53 баптан тұрады Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білеміз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз. Әрбір елдің басты құндылығы  байлығы – адам . Бүгінгі  пікір алмасу  кешімізге  8-11 класс  оқушыларынан құралған  « Болашақ »  «Талапкер»  «Аламан»  топтары қатынасады. Кешіміздің өту барысымен таныстырып өтейін.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.92 Kb
Количество скачиваний: 711
Просмотров: 1306

Похожие материалы