Задачи по химии для 8 класса
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кудабаева Арайлым Бекбосыновна
|
«Талица жалпы негізгі орта білім беретін мектебі» КММ
« Химия есептері және оларды шығару әдістері » -
атты таңдаулы курс бағдарламасы
( 8 - сыныпқа арналған )
Химия пәнінің мұғалімі: Кудабаева Арайлым Бекбосыновна
Талица 2014 - 2015
Түсінік хат
Бағдарлама жалпы білім беретін мектептердің 8 сыныптары оқушыларына арналған білім мазмұнын анықтайды.
Химиялық таңдаулы курсы оқушыларға жоғары сыныптарда химияны және жаратылыстану пәндерін оқып үйренуге, күрделі есептерді шешуге, қажетті химиялық білім алуға негізделген. Жаратылыстану математикалық бағыттағы практикалық білік және дағдылар мектеп оқушыларының еңбек және кәсіби дайындығы үшін де маңызды. Бұл курс оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау дәрежесінің дамуына, пән бойынша білімін кеңейтуге жол ашады. Бұл курсты оқытудағы негізгі міндеті - химиялық білім мен білік жүйелерін нақты және салалы меңгеруді қамтамасыз ету, пәнге деген қызығушылықты арттыру, оқушылардың қабілеттерін дамыту және анықтау, мамандыққа бағыттау, жоғары оқу орындарына дайындау.
Зерттеудің мақсаты – негізгі мектеп химиясында таңдаулы курстар арқылы оқушылардың бағдарламадан тыс есеп шығару қабілеттерін дамыту.
Зерттеу нысаны – негізгі мектептегі оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні – негізгі мектеп химиясын бейіналды таңдаулы курстар арқылы жетілдіре отыру үрдісі
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, негізгі мектеп химиясына байланысты таңдаулы курстар іріктеліп, осыған лайықты бағдарламалары дайындалса, оның мазмұны химия пәнінің базалық мазмұнымен тығыз байланыста құрылса, таңдаулы курстардың бағдарлық негізі анықталса, оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістері білім беру үрдісіне енсе, онда ол оқушылардың химиялық білім, білік, дағдыларының сапасының жоғарылауына және болашақ бейінін саналы түрде таңдауына ықпал етеді.
Қойылған мақсаттарды іске асырып, болжамды тексеру үшін келесі міндеттер қойылды:
- таңдаулы курстар арқылы химияны тереңдете оқыту негізінде оқушылардың бейімдік бағдарын қалыптастыру жолдарын көрсету;
- химияның таңдаулы курстарының қойылатын талаптарды, бағдарламалық мазмұнын және жүйесін анықтау;
- химияның таңдаулы курстарын оқытудың әдістемесін беру;
- таңдаулы курстарды оқыту әдістемесін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Негізі мектеп химиясы бойынша таңдаулы курстардың мазмұнын жасау шарттары анықталып, ғылыми тұрғыдан негізделді.
2. Бейіналды таңдаулы курстар химия пәні бойынша оқушылардың білімін тереңдетіп, қызығушылығын арттыра отырып, мектептің жоғары сатысында дұрыс бағдар таңдауға негіз болатындығы анықталды.
Зерттеу нәтижелерінің негізділігі мен дәлелдігі: зерттеліп жатқан мәселенің теориялық және практикалық аспектілерін сараптап, қойылған міндеттерге сәйкес келетін әдістерді қолдану, зерттеудің ғылыми болжамының растығын сапалық және сандық деңгейде дәлелдеген педагогикалық эксперименттің жан-жақтылығы қамтамасыз етеді.
Оқушылардың химиялық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар.
Оқушылардың химиялық даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті және мүмкіндік деңгейлер.
Міндетті деңгей барлық оқушылардың меңгерулеріне бағдарланған және ол оқушылардың әрі қарай химиялық дамуы жүзеге асырылатын ең төменгі шекараны белгілейді.
Мүмкіндік деңгейі оқушылардың химиялық қабілеті мен икемділігін толық аша түсуге ұмтылады.
Курстың ерекшелігі мынаған негізделеді:
- Оқушылардың білім жүйелеу;
- Жаңа материалды үйренуде және қайталау сабақтарында;
- Курсты оқып- үйретуде білік, білім, дағдыларын дамыту және қалыптастыру.
- Ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, өздігінен төмендегі тақырыптарды қорғау.
- Сабақтағы проблеманы жоба құру арқылы шешу.
- Курстың тақырыптары бойынша есептер құрастырылды.
Жалпы тарау бойынша күтілетін нәтижелер:
Жалпы тарау бойынша оқушылар химия пәнінің сан түрлі есептерінің түрлерімен танысып, олардың шығру әдістерін меңгеріп және есептерді бірнеше әдістер арқылы шығаруды үйренеді. Оқушылардың есеп шығару қабілеттері артып, есептердің алгоритімін құруды, оларға талдау жасауды, анализ жасауды, мағынасын ашуды үйренеді. Мектептің жоғары сатысында дұрыс бағдар таңдауға негіз болатындығы анықталады.
Курстың мазмұны: Барлығы- 34 сағат
І Химиялық қосылыс және қоспа (4 сағат )
- Химиялық қосылыстарды қоспалардан айыру
- Химиялық қосылыстың қасиеттері, механикалық қоспадағы заттардың қасиеттері
- Қоспа құрамындағы заттарды бір – бірінен айыру тәсілдері
- Химиялық қосылыстарда реакцияласушы заттардың массалары. (Бірдей қатынаста болғанда, қоспаның құрам бөліктері қандай мөлшерде болады)
ІІ Химиялық формулаларды табу (4 сағат )
- Химиялық элементтердің массалық үлестері мен тығыздығы бойынша заттың химиялық формуласын табу
- Кристалогидраттың формуласын анықтау
- Газдың массасы мен көлемі бойынша газдың формуласын анықтау
- Жану өнімдері бойынша заттың формуласын табу
ІІІ Эквивалентті есептеу ( 3 сағат )
- Жай және күрделі заттардың эквиваленттері
- Элементтердің эквиваленттерін анықтау тәсілдері:( Тура анықтау тәсілі
Ығыстыру тәсілі, Аналитикалық тәсіл, Электрхимиялық тәсіл)
- Күрделі заттардың эквиваленттерін анықтау тәсілдері: ( Оксидтердің эквиваленттік массасы, Қышқылдардың эквиваленттік массасы, Негіздердің эквиваленттік массасы, Тұздардың эквиваленттік массасы, Тотықтырғыштың эквиваленттік массасы)
ІҮ Заттардың қоспасына байланысты есептер(6 сағат)
- Қоспа компаненттерінің құрамындағы элементтің массалық үлесі
- Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептеулер
- Бастапқы зат құрамындағы қоспаның массалық үлесін табу
- Қоспаның сандық құрамын анықтау
- Құрамындағы компаненттері ішінара әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау
- Құрамындағы компанеттерінің бәрі әрекеттесетін қоспаның құрамын анықтау
Ү Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер (3 сағат)
- Бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы шығымы
- Бастапқы зат және теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы бойынша реакция өнімі
- Теориялық мүкіндікпен салыстырғандағы зат шығымы мен тығыздығы бойынша заттың массасы
Ү Ерітінділерге байланысты есептеулер. (7 сағат)
- Еріген заттың массалық үлесі
- Ерітінділерді сұйылту
- Ерітінділерді араластыру
- Ерітіндіні зат қосып қойылту
- Ерітіндіні буландырып қойылту
- Кристалгидраттардан ерітінді дайындау
- Ерітіндіде жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеулер
ҮІ Тотығу – тотықсыздану реакциялары. (5 сағат)
- Тотығу – тотықсыздану реакцияларының түрлері
- Тотығу – тотықсыздану реакциясының жүруіне ортаның әсері
- Тотығу – тотықсыздану реакциясы теңдеуін ионды – электрондық әдіспен теңестіру
- Молекулалар аралық тотығу – тотықсыздану реакциялары
- Молекла ішіндегі тотығу – тотықсыздану реакциялары
ҮІІІ. Қорытындылау ( 2 сағат). Курстың қорытынды сабағы (сынақ) жобаны қорғау сынақтық жұмыстар. Қорытынды бақылаудың түрі, әр түрлі нұсқаудағы ұсынылған есептерді өздігінен шешу.
Қолданылатын әдебиеттер
1. А.Б. Юсупова.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 19.15 Kb |
Количество скачиваний: | 59 |