Заттың атын білдіретін сөздер.«Сауысқан мен көкек» ертегісі.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы :  Заттың атын білдіретін сөздер.«Сауысқан мен көкек» ертегісі. Сабақтың мақсаты : Оқушылардың заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту; Жыл мезгілі және ондағы өзгеріс туралы білім беру;Ертегі мазмұнын ұғындыру.   Танымдық белсенділігін,ойлау әрекетін дамыту,өздігінен жұмыс істеу арқылы қорытынды шығара білуге машықтандыру.   Экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Табиғатты аялауға,құстарды қорғауға,жалқаулықтан қашық болуға тәрбиелеу. Сабақтың түрі : Саяхат сабақ Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау. Пәнаралық байланыс : Дүние тану. Көрнекілік : Саяхат сабақтың сызбасы,қима қағаздар,суреттер,үй,ұя макеттері. Техникалық құрал : Интерактивті тақта. Сабақтың барысы :  І . Ұйымдастыру.                                    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. І.Жансүгіров. «Жазғытұрым».                                   ІІІ . Жаңа сабақ. Саяхат сабақтың жоспарымен таныстыру. -Балалар,біз бүгін теңіздің ар жағындағы «Білім» еліне саяхатқа шығамыз.Ол жаққа кемемен барамыз.Теңізде бізге көптеген теңіз жануарлары кездеседі.Олардың айтқан тапсырмаларын бұлжытпай орындасақ,біз «Білім» еліне жетеміз. Оқушыларды топқа бөлу 1-топ: «Дауысты дыбыстар»;     2-топ: «Дауыссыз дыбыстар» -Олай болса,кемеге отырайық. Хормен :  Мектеп –кеме,білім – теңіз,                  Барар жерге тез жетеміз.                  Адаспаймыз ұлы жолда,                  Тәлім-тәрбие,білім қолда. 1-аялдама: «Аққу» аялдамасы. Оқулықпен жұмыс. «Сауысқан мен көкек«ертегісін оқып,мазмұнын ұғыну. 2-аялдама: «Балық» аялдамасы. -Құстар өздеріне ұя жасап алса,адамдар да өздеріне шақтап үй салып алады. Үй құрастыру жұмысы. (сұрақ-жауап) -Адамдарға қандай сұрақ қойылады? Мысал келтір. -Заттар мен жануарларға қандай сұрақ қойылады? Мысал келтір. -Құстар туралы тақпақ айт. -Оқулықтағы жұмбақты шеш. Қайталап атымды               Кез келген ұяға Ән салып аламын.              Жұмыртқа саламын.  (Көкек) -Қандай құстарды білесің?                                                              3-аялдама: «Үйрек» аялдамасы. Дәптермен жұмыс.87-жаттығу.Сөйлемдердің ішінен кім?сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жазу.    Айжан,Мұрат,Серік,Мақсұт. 4-аялдама: «Дельфин» аялдамасы. «Топтай біл» ойыны. Қима қағазбен жұмыс. Кісі аттарын киіз үйге салу,құс аттарын ұяға салу. 5-аялдама : «Теңіз тасбақасы» аялдамасы. «Сөйлем қуаласпақ» ойыны. 1-топ : «Көктем«тақырыбы ;  2-топ : «Құстар» тақырыбы. 6-аялдама: «Бақа» аялдамасы. Ертегіні сахналау. «Құстар» сөзіне ассосиация құру. ІV.Оқушыларды бағалау. V .Үйге тапсырма. «Сауысқан мен көкек» ертегісі. 88-жаттығу.Алдымен не? сұрағына, соңынан кім? сұрағына жауап беретін сөздерді көшіріп жазу. VI.Қорытынды.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.65 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 125

Похожие материалы