“Құзырлылық білім беру – қазіргі заманның басты талабы” әдістемелік кеңесінің баяндама-презентациям
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Бекбулатова Айгуль Адамбековна
|
/ 1 слайд /
Бекболатова Айгүл Адамбекқызы.
22.10.1977ж. тудым. 28 жастамын.Тұрмыстамын,бір қызым бар.
Екі жоғары білімім бар:
1) 1998ж - ҚМУ, қазақ тілі мен әдебиеті.
2) 2004 ж- КИнЭУ, экономика мен басқару.
Жұмыс орным: А.М. Горький атындағы гимназия. Баймағамбетов көшесі №154
Санатым- ІІ (екінші) Жұмыс өтілім- 7 жыл
Оқытатын сыныптарым -1,2,3,4,5 сыныптар. 5 “В” сынып жетекшісімін.
Өмірлік ұраным: “Іздеген - мақсатына жетер”
Қолданатын технологиялар : компьютерлік, дамыта оқыту, ойын
технологиялары. Компьютерді жетік меңгергенмін.
2003-2004ж. 24 тамызда «Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – сапалы білімді
қамтамасыз етуші негіз » тақырыбы бойынша өткен қазақ тілі мұғалімдерінің
қалалық секциясында баяндама-презентация қорғадым.
2004-2005ж. “Қалалық жас мұғалімдердің интернет-фестиваліне” қатыстым.
2005ж., наурыз айында “Миссис Қостанай” облыстық сайысының жүлдегері
атандым.
2005-2006ж. 21 желтоқсан айында “Құзырлылық білім беру – қазіргі заманның
басты талабы” әдістемелік кеңеске қатыстым, баяндама-презентация
қорғадым. /2слайд/
Мен бастауыш сыныптарда қандай технологиялар және әдістерді пайдалатынымды сіздерге баянда берейін. Қазақ тілі сабағының бастауыш сыныптарда негізгі мақсаты: Оқушылардың тілін күнделік-тұрмыс жағдайда екі тілге үйрету,олардың қабілеттерін анықтау , дамыту. Орыс мектептерде қазақ тілін оқыту әдістері ана тілін оқытудан өзгеше.
Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі ізденістер, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын қажет етеді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, ізденіс, ойын, театр, еңбек пен тәжірибенің бірлігі.
Жалпы бастауыш сыныптар бойынша дидактикалық ойын, информатика мен дамыта оқыту технологиялары арқылы балаларға білім беремін. Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке-дара ерекшеліктерін ескертемін.
Менің ойымша, тілге дарынды оқушыларды іздену және оларға әдістемелік көмек беру арқылы, ойын мен дамыта оқыту технологиялары біріктірілген тиімді тәсіл болып табылады. /3-4слайд/
Сондықтан да сабақта компьютерді, дидактикалық ойын және дамыта оқытуды технологиялық қадамдарын пайдаланамын. Әр мұғалімнің белгілі технологиялық қадамдары болады.
Олар: 1.Қызықтырушылық
2. Түсіну
3. Ой туғызу / 5 слайд/
Жұмысымның жүйесі: 1.мақсаттар мен талаптар
2.бiлiм беру мазмұны
3.бiлiм беру әдiстерi, технологияны қолдану
4.Дидактикалық оқу құралдары1-5 сынып / 6 слайд/
Жұмысымның мақсаттар мен талаптар оқушыны жан-жақты танымдық ұмтылысы бар субъекті етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратың, дамуына апарамын.
Сабақты қызықты өткізу үшін, мен сол мақсатта дамыта оқыту технологиясын оқыту процесінде қажетті әр түрлі әдіс- тәсілдерін , тіл дамыту жаттығуларын, тест, ойын элементтерін, көрнекілектер, дидактикалық талап ретінде мен жинақтаушы болып келесі әдістерді пайдаланамын.
vАдаптивті жүйеде оқыту
vОқытудың ұжымдық тәсілі
vБлоктан оқыту
vМодульден оқыту
vДеңгейлеп оқыту
vКомпьютерлік оқыту
/ 7-8 слайд /
Сонымен, әр түрлі әдіспен презентациясында құрастырылған сөйлемдер, жаңа сөздер, ребустер, анаграммалар, мақал-мәтелдерді де компьютер жүйесін қолдануым арқылы жасалынған тапсырмаларды оқушылар қызыға орындайды. Жаттығуларды орындауда компьютерді қолдану өте қолайлы.
Оқыту барысында кейбір сабақтарымда ойын технологиясын, ойын элементтерін қолданамын. Себебі, ойын - өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. «Ойын күрделі әрекетке дайындық: ойын арқылы адам жаттыға отырып өз қабілеттерін ұштайды.» / 9 слайд/
Менің ойымша, мазмұны бойынша дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін, бағдарлама бойынша алған білімдерін тереңдетеді әрі пысықтайды. « Ойын- бұл маңызды.» / 10 слайд/
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Ойындар арқылы баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін, ерік сезім түрлерін де дамытамын. Ойындарды қолданудың тиімділігі мынадай: / 11 слайд/
-Қатысушылар үйренеді, үйретеді
-Әркім өзі қызығып оқиды.
-Ойлау қабілетін ұштайды
-Жеңісті сезіну.( танымдық қызығушылығын дамыту)
-Түрлі әрекеттердің тиімділігі.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын- сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т.б.
Менің бастауыш сыныптарында қолданылатын дидактикалық ойын түрлері мыналар:
-«Түбірлес сөздер» ,«Ұқсас сөздер» тақырыбы бойынша «Домино» лекикалық ойыны,
-«Аңдар»,«Киім»,«Адамның дене мүшелері»тақырыптары бойынша “Лото”ойыны
-Сюжеттік –ролдік ойындар: «Қонақта»,«Дәрігерде »,«Менің отбасым», «Аңдар»,
«Үстелдегі сахна »
-Сурет бойынша. «Әңгіме құрастыр» «Рифмаларды құрастыр» ,«Шашылған әріптер» (Баста, аяқта. жалғастыр)
-«Кім? Не?», «Қайсы артық?», «Дұрыс па? Бұрыс па?» «Не деген сөз?»,», «Жанды , жансыз» «Не? Қашан? Қайда?» тақырыптары бойынша “Ойла”деген логикалық ойыны
-«Біздің қала», «Ел», «Мектеп», «Астана», «Форто Баярдың кілттері» деген тақырыптары бойынша « Саяхат» ойыны /13-16 слайд/
Менің дидактикалық құралдарым / 18 слайд/
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 5.93 Mb |
Количество скачиваний: | 2 |