5 сынып Ауыспалы осы шақ
Предмет: | Директору-завучу |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Бегасилова Айгерим Апсейтовна
|
“Шарын орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Т.М.Исаева
Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ
Білімділік: оқушыларға ауыспалы өткен шақ , оның жасалу жолдары жайлы толық мәлімет беру және оны меңгерту
Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ойлау белсенділігін арттыру, сөздік қорын молайту
Тәрбиелік: Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, сұрақ-жауап,
ойын, бағалау, қорытындылау
Сабақтың формалары: жеке, топпен, ұжымдық жұмыс
Пәнаралық байланыс: әдебиет, география, биология
Сабақтың көрнекілігі: слайд, дидактикалық материалдар,
кестелер, кеспе қағаздар
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Сабаққа ден қою (ой қозғау)
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны
Сабақты, салт, есімше мен көсемше
Шақ пен рай, етіс те боп жиылдым.
Балалар, осы бір шумақ арқылы қай сөз табының ерекшелігін көріп тұрмыз?
Сыныпты үш топқа бөлу
“Қыран ” тобы “Сұңқар” тобы “Тұлпар” тобы
ҚЫРАН, СҰҢҚАР, ТҰЛПАР
Дұрыс, сонымен бізде пайда болған сөздер (қыран, сұңқар, тұлпар) ендеше қазір біз
3 топқа бөлінеміз.
1 топ Қыран
2 топ Сұңқар
3 топ Тұлпар
Сұрақ – жауап
Енді әр топ өз аттарың туралы не білесіңдер? Соны айтып көрелік.
ҚЫРАН тобы (Алтын күнді қанатымен жебеген, қыран құс ерліктің белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.)
СҰҢҚАР тобы (Жыртқыш құстардың үлкен бір тобы сұңқар тектес немесе сұңқар тұқымдастар деп аталады. Жер шарында олардың 58 түрі бар. Біздің елімізде оның лашын, сұңқар, ителгі, бөктергі т.б. 10 түрі бар. Сұңқар тұқымдастардың тұмсығы темірдей, қанаты ұзын, жіліншегі қысқа, саусақтары салалы, сүйек бітімі жұмыр, денесі мығым болып келеді. )
ТҰЛПАР тобы (Қанатты тұлпардың мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден аман алып қалған. Еліміздің азаттығының, жеңімпаздығының белгісі.)
Үй тапсырмасы:
Қазір біз, «Жетіқарақшы» ойыны арқылы өткен тақырыптарға шолу жасап өтелік. (Жетіқарақшы жұлдызы жайлы аңыз, ертегілер біле ме сұрай кету) Тақтаға Жетіқарақшы жұлдызы ілінеді .Ондағы сұрақтарды алып оқушылар жауап береді.
Сұрақтары:
1.Етістіктің өзіне тән белгілері қандай?
2. Етістіктің шағы дегеніміз не?
Оларды атап көрсет.
3. Осы шақ және оның түрлері туралы не
білеміз? Мысалдар келтір
4. Өткен шақ дегеніміз не? Оның түрлері
қандай?
5. Жедел өткен шақ дегеніміз не? Мысал келтір
6. Бұрынғы өткен шақ дегеніміз не?
7. Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
қандай?
Жауаптары
Мысалы: Мен сөйлеп тұрмын.
4. Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді. Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ
5. Сөйлеп тұрған мезгіден аз уақыт бұрын болған істі білдіреді. Етістік түбіріне –ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғанады
6. Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан көп бұрын өткенін білдіреді.
Мысалы. Айнұр бұны апасына да айтыпты.
3) Есімше жұрнақтарынан соң екен көмекші етістігі тіркеседі.
Мысал: Мен оқыған екенмін
Жаңаң сабақты түсіндіру:
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Ауыспалы өткен шақ» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды.
Мысалы: Сұлтан ауылға жиі баратын. Нұрсұлтан кітапханаға қашан баратын едің? Бірінші сөйлемде бару қимылының болып кеткенін байқасақ, екінші сөйлемде бару қимылының әлі болмағанын, бірақ болуға тиісті екенін аңғарамыз.
Ауыспалы өткен шақ жіктеліп те, еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те (онда еді етістігі жіктеледі) жұмсалады. Ал ауыспалы келер шақ тікелей жіктелмейді, тек еді көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады.
Сұлтан ауылға жиі ....баратын
Жазда жиі кездес....етін
Нұрсұлтан кітапханаға қашан ... баратын едің?
Барма... йтын болдың ба?(көп нүктенің орнына тиісті сөзді немесе қосымшаны қойыңдар
Ауыспалы өткен шақтың жасалуы
Ауыспалы өткен шақтың жіктелуі
151-жаттығу. Мына етістіктерді жіктеңдер
152-жаттығу . Ауыспалы өткен шақты табыңдар, қосымшасын бөліп жазыңдар.
153-жаттығу . Өлеңнен ауыспалы өткен шақ тұлғалы етістіктерді тауып , морфологиялық талдау жасаңдар .
152-жаттығу
Сұра-ма-йтын, жібер -ме-йтін, алма-йтын, айт-атын
153-жаттығу
Кетпейтін — түбірі кет,негізгі етістік, -пе болымсыз етістіктің жұрнағы, -йтін ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Кеппейтін- түбірі кеп, негізгі етістік, -пе болымсыз етістіктің жұрнағы, -йтін ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Суалмайтын- түбірі суал, -ма болымсыз етістіктің жұрнағы, -йтын ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Құрамайтын- түбірі құра, -ма болымсыз етістіктің жұрнағы, -йтын ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Қалатын- түбірі қал, негізгі етістік, -атын ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Қонатын түбірі қал, негізгі етістік, -атын ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Жанатын - түбірі жан, негізгі етістік, -атын ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Алатын- түбірі ал, негізгі етістік, -атын ауыспалы өткен шақ есімше жұрнағы
Морфологиялық талдау
Қыран: барғанмын
жазып отыр
Сұңқар: оқырсың
келіпті
Тұлпар: бардым
сөйлеп отырғансың
Морфологиялық талдау.
Қыран Сұңқар Тұлпар
барғанмын оқырсың бармақ
жазып отыр келіпті сөйлеп отырғансың
(әр топтан бір оқушы тапсырманы тақтада орындайды, қалған оқушылар екінші сөзді дәптерге орындап, сөйлем ойлап жазады.)
Барғанмын - түбірі бар, негізгі етістік, -ған өткен шақ есімше жұрнағы, - мын жіктік жалғау 1 жақ.
Оқырсың - түбірі оқы, негізгі етістік, -р келер шақ есімше жұрнағы,
-сың жіктік жалғауы 2 жақ
Фонетикалық талдау
Әр топ өз топтарының атына Ф.Т жасау
Қыран: қы-ран (2 буын, 5 әріп, 5 дыбыс бар.1 тасымадану түрі болады.)
Сұңқар: сұң-қар (2 буын, екеуі де де бітеу буын, неге? 6 әріп, 6 дыбыс бар. 1 тасымалдану түрі бар)
Тұлпар: тұл-пар (2 буын, 2-еуі де бітеу буын, 6 әріп, дыбыс бар. 1 тасымалдану түрі бар.)
Бармақ - түбірі бар, негізгі етістік, - мақ келер шақ есімше жұрнағы.
Фонетикалық талдаудың үлгісі (СКТ)
СӨЗ
Математикалық тәсілмен дыбыстық талдау
Сабақты бекіту
Семантикалық карта
Сабақты бекіту
Семантикалық карта
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні:
Бағалау
Шартты белгілер арқылы оқушылардың сабаққа берген бағасы.(Оқушыларға шартты белгілер таратылады,әр оқушы бүгінгі сабақта өздерінің қалай жұмыс істегендеріне баға береді).
«қоштасу рәсімі»
-Тренингтің міндетті атрибуттарының бірі «қоштасу рәсімін жасайық»
Бәріміз орнымыздан тұрамыз,бір- бірімізге жымиып қараймыз,енді екранға қарап, берілген өлең жолдарын бірге айтамыз.
Үйге тапсырма
Ауыспалы өткен жақ
136- бет
154 – жаттығу
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 554 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |