7 сынып Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы "Тәуекел хан"
Предмет:
История
Категория материала:
Конспекты
Автор:
Джагыпарова Галия Кадыржановнв
Здесь была ссылка на работу 7 сынып Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы "Тәуекел хан" автора Джагыпарова Галия Кадыржановнв.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
1)XVI ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиілеп кетті. Бұл тарихы жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті.
Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани әулетімен қарым-қатынас жасауға ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Бұхар ханы II Абдаллахпен қазақ ханы хақназар «Дос болып, өзара көмектесу жөнінде ант беріскен шарт жасасты». Осы келісім шарттан кейін соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектер арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясатын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті.
1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар хан бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуінде қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах оған Түркістан аймағынан бірнеше қаланы сыйға береді. Баба сұлтанда өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын Қазақ хандығына тарту етті.
Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жіберіп Хақназарды және сұлтандарын тегіс өлтіреді.