Ана тілім- бақытым мен байлығым

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ана тілім- бақытым мен байлығым

(8 сынып оқушыларына арналған сұрақ-жауап кешінің жобасы)

Туған үйімнің терезесінен,

Қазақстан даласы көрінеді.

Аспанда ақша бұлт керіледі.

Ақша бұлтқа жолдаған сәлемі деп,

Ошағымның түтіні өріледі.

( «Перзент парызы» өлеңінен)

Сайыс жүргізетін орында көрнекті кітап көрмесі ұйымдастырылып, ойын тақырыбына орай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер ілініп қойылады.

Ойын: І-Ұйымдастыру бөлімі;

ІІ-Негізі бөлім;

ІІІ-Қорытынды бөлімдерден тұрады.

Жүргізуші: Қазақ халқының ойшыл ұлы Шоқан Уәлиханов «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» - деп көрсетсе, «Білімдіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» - деп ойшыл Гегель немесе «Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсан» деп атамыз Ахмет Жұбанов айтқандай қазіргі таңда халқымыздың рухани құндылықтарын жас жеткіншектердің бойына туған тілі арқылы сіңіру, имандылыққа баулу, әдеп-ізетке үйрету, сол арқылы тіліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру басты міндет болып табылады. Қоғамымыздың әрбір мүшесі тәуелсіздігіміздің алтын тұғыры, ең басты байлығымыз- ұлттық тілімізді мемлекеттік тіл дәрежесіне сәйкес ең басты қоғамдық қатынас құралы дәрежесіне жеткізу қажеттігін ұғынып, қоғам талабына сай, өз отанын, тілін, салт-дәстүрін сүйетін және қастерлей білетіндей және өз еліне, оның бай тарихына, қазыналы тіліне, болашағына деген өз жауапкершілігін сезінетіндей тәрбие алуы ең маңызды мәселе. Бұл бізге тарих жүктеп отырған аманат. Елімізде осы мақсаттар жүзеге асқанда ғана халқымыз өзінің бай ұлттық ерекшелігімен, биік ұлттық мәртебесімен көріне алады.

Тәуелсіздігіміздің жарқын жетістіктерінің бірі- Үкіметіміздің мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге қатысты қасиетті қазақ тілінің қоғам өмірінен өзінің биік мәртебесіне лайықты орын алуын жүзеге асыру үшін, мемлекет тарапынан қазақ тілінің қоғамдық қызметін нығайту, қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінде білім беруді жүзеге асыру жағдайында түрлі шаралар жүргізілуі нәтижесінде елімізде мемлекеттік тіліміздің түрлі қоғамдық және өндірістік салаларда кең ауқымда қолданыла бастауы, сонымен қатар қазақ тілінде оқытатын мектептер желісінің өрістеуі жүзеге асып келеді.

Негізгі бағыт- оқушының өмірге қажетті біліктіліктерін қалыптастыруға қажетті білім беру болса, түпкі мақсат- олардың мамандығы бойынша мемлекеттік тілді сөйлеп, жаза білу дәрежесіне жетулері.

Қазіргі қазақ тілінің байлығы, көркемдігі, шешендігі арқылы ана тілімізді жетекші ұлт тілдерінің бірі деп айтып, кеуде керіп мақтана ламыз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.67 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 164

Похожие материалы