Ана тілі"Тасымал.Қазақстан -Республикам менің"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тасымал.Қазақстан- Республикам менің.

Сабақтың мақсаты:

БІЛІМДІЛІК:

Сөздерді й және у әріптерінен бастап тасымалдай білуге үйрету.Тасымал туралы түсінігін кеңейту.Өлеңді түсініп,сауатты оқуға,жазуға дағдыландыру. 

ТӘРБИЕЛІК:

Өз бетінше жұмыс істеуге,қорытынды жасай білуге,ізденімпаздық қабілеттерін,ой өрісін дамыту

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: 

Оқушылардың еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту,Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:Қайталау.

Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап,ізденушілік,өзіндік жұмыс,СТО,оқулықпен, дәптермен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар,ойын түрінде жазылған тапсырмалар,геометриялық фигуралар.

Пән аралық байланыс: Математика,тіл дамыту.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

1-слайд.

Психологиялық дайындық.

Армысың, алтын күн,

Армысың, асыл жыр.

Армысың, қонақтар,

Армысың, көк аспан

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос

-Мұғалім сөзі:-Балалар бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше сабақ болып тұрғанын байқайсыңдар ма?

-Несімен ерекше деп ойлайсыңдар?

Қонақтар қатысып отыр

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр? олай болса қонақтарымызға арнап тілек айтайық.

 

II.Үй тапсырмасы: Тасымал ережесі,

2-слайд.

Не себепті сөздерді тасымалдаймыз?

«Кім жылдам?» ойыны.

Үлестірмелер тарату арқылы сөздерді тасымалдап жазу.

III.Жаңа сабақ:

Кітаппен жұмыс.

-Балалар біз бүгін тасымалдау туралы түсінігімізді ары қарай жалғастырамыз.Біз бұрын екі буынды ,үш буынды сөздерді ғана тасмалдап үйренгенбіз.Ал бүгін одан да көп буынды сөздерді тасмалдап үйренеміз,яғни 4-5 буынды сөздерді.

Дәптермен жұмыс.

72-жаттығу.

Құрылысшылар,теміржолшылар,

Кітаптарымыз,дәптерлеріміз.Осы сөздерді оқытып буын сандарын анықтау.

Үлгі:Құ-ры-лыс-шы-лар

1.Құ-рылысшылар

2.Құры-лысшылар

3.Құрылыс-шылар

4.Құрылысшы-лар

 

-Біздің ел қалай аталады?

-Қазақстан Республикасы

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

-Олай болса мына көріністі көрейік.

6-слайд

-Оқушылардың Отан туралы ұғымдарын кеңейту мақсатында.

 «Біздің Отанымыз-Қазақстан»атты көріністі бейне таспа арқылы тамашалау.

Д.Әбіловтың Қазақстан-Республикам менің өлеңімен танысамыз.

-Ақын туралы әңгімелеу.

7-слайд.

Д.Әбілов 1907 жылы 1 қазанда Павлодар облысы,Баянауыл ауданы,Мойындыбұлақ ауылында дүниеге келген.Атақты жазушы,ақын,журналист болған.Оның «Қызыл әскерлер», «Шалқыма», «Бармақ»,  «Қуат»,  «Майданбек»,  «Жолаушы өмірі» атты поэма мен романдары бар. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.Қазақстан Халық жазушысы деген атағы бар.

-Өлеңді мәнерлеп оқып,түсіндіру

-Оқушыларға өз беттерінше оқыту.

 

Сергіту сәті:

 

-Оқушыларға дауыстатып оқыту.

IV.Білімді бекіту:

73-жаттығу .Сөздерді оқып,буынға бөліңдер.ң әріпінен басталған буынды атаңдар.

Сұрақтар қойып,жауап алу.

V.Сабақты қорытындылау.

-Бүгінгі өткен сабақ бойынша сұрақтар қою.

-Біз қандай әріптерден бастап тасмалдап жазуды үйрендік.

-Отан дегеніміз не?(туған жеріміз,еліміз,Қазақ елі,ата-анамыз,достарымыз,ауылымыз)

 

 

 

 

 

VI.Үйге тапсырма беру.Өлеңді мәнерлеп оқып келу,ереже жаттау.

VII.Бағалау.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 30.63 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 124

Похожие материалы