Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математика сабағында қолдану

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды математика сабағында қолдану

Ашенова Айнагүл Серікқызы

Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Голубовка ауылы

Абай ЖОББМ

Математикаға оқыту – бұл жеке әрбір оқушыға бағытталған өнер. Ол бір күй сияқты, қоңырау салынғанда басталып, қоңыраумен аяқталатын. Ал, осы аралықта аудиторияда отырған оқушыларға өзінің санасында да көңілінде де сақталып қалатын із қалдырамыз. Ол шытырмандар мен жыралар арқылы ақиқатқа, түсінуге, білімге деген  із. Бірақ барлық оқушылар да еңбексүйгіш емес.  Сондықтан әрбір оқушы түсіну және жүрегіне жол табуды өте маңызды деп санаймын.

Көптеген мұғалімдер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын оқушылардың «ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық оқушылар үшін ыңғайлы емес. Себебі нашар оқитын оқушылар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни мұғалімнің айтқанын меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда мұғалім «асығыстық» жасады деуге болады. Ал, мұғалімнің айтқанын тез қабылдайтын оқушылардың дамуында тежеу басталып, ол оқушылар меңгеретін материал «жеңіл» болып, мұғалім оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар, мұғалім «орташа» оқитын оқушының білім деңгейін ескере отырып сабақты жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Оқушылардың барлық (жақсы, орташа, нашар оқитын) категориясына бірдей ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жасауға болмайтын болғандықтан, әрбір оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ол жеке ерекшеліктер әрбір оқушының оқу материалдарын жеке-дара мысалдан бастап түсіндіріп, содан кейін жалпы жағдайға көшсе жақсы түсініп, материалды жеңіл түсініп кетеді. Ал, басқа бір оқушылар алдымен жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін, оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды меңгеруі артады.

Оқушыларды қалай математикаға қызықтыру керек?

Оларды математика сабағын  асығыспен күту үшін не істеу керек?

Оқушылардың өздерінің еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды қалай қалыптастыру керек?

Менің оқыту жүйем, оқушылардың қалай оқу керек екендігіне бағытталған.

Оқу, үйрену процесінде оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру, оқу материалын игерудің тиімділігін жоғарылату мақсатында мені жеті модуль идеясы материалды талдауда барлық жаңа және оригинал формалар, әдістер және жолдар әрқашан қызықтырады, жеті модульдің бір түрі ақпараттық технологиялар мұғалiмге оқытуды жоғары деңгейге жетуіне мүмкiндiк бередi.

Мен қазіргі таңда пәндерді оқытуда оқушылардың творчестволық қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланамын. Заманауи дәрістерде компьютердің ролі үлкен, ол күрделі математика ғылымын барынша қолжетімді етіп береді.

Бірқанша жылдан бергі менің жұмысымда оқу қызметінің кез келген кезеңіндегі ақпараттық технологиялардың қолданылуы менің сабақтарымды бір-бірінен ерекшеленетін мүмкіндіктерге жеткізіп отыр. Бұл жаңалыққа талпыныс сезімдері оқу, оқытуға қызығушылыққа үндейді.

Мен қазiргi математиканың сабағының тиiмдiлiгiнiң арттыру мақсатында негiзгi ақпараттық мүмкiндiктердi қолданамын:

6-сыныпта рационал сандарды оқытуда Paint графикалық редакторын қолданамын.

Мен өз тәжiрибемде математиканың курсының 6-сыныпта рационал сандарды оқыту тақырыптары бойынша қажетті деңгейдегі оқу материалын жылдам сiңiруге қабiлеттi оқушылармен жұмыс үшiнқолданбалы бағдарламалық жабдықтарды қолданамын.

Мұндай оқушылар компьютерге жеке тәртiптерде кезекпен жұмыс iстейдi және тапсырмалардың табысты орындауынан кейiн, шығармашалық тапсырмаларды,  жоғары деңгейлi күрделiлiк жаттығуларға өтедi.

Мұғалiм бұл уақытта топпен сөзсiз үйрену деңгейіндегі материалын жан-жақты зерттейдi. Мұндай қызмет оқушылар тобының сабақтан жалығуына, босаңсуына мүмкіндік бермейді, керісінше жеке меншікті жұмыспен шабылуын қамтамасыз етеді.

Компьютерді қолдану оқушылардың мүдде және талаптылыққа ынталандыратын ақпараттық жағдайды жасауға мүмкiндiк бередi.

Сонымен жаттығу тапсырмаларының саны шектелмеген үлкейдi; оқушының жұмысы ұтымды екпiнiне жетедi; үйренудiң деңгейлi дифференциациясына оңай жетедi; оқушының бүкіл сабақ бойы белсендiлiгi мен қызығушылығы қамсыздандырылады.

Оқытуды жекелендіру үшін қолданбалы бағдарламалық жабдыққа дидактикалық талаптар қойылады. Қолданбалы бағдарламалық жабдық оқытудың жаңа құралы болуы үшін бірінші кезекте дидактикалық талаптарға сай болуы керек. Біз дидактика категорияларына сүйене отырып, бағдарламалық жабдыққа қолданылатын осы талаптарды қарастырамыз. Ю.К.Бабанскийдің айтуынша, дидактика категорияларына: оқыту принциптері, білім мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формалары жатады.

Білім алушылардың ҚБЖ-мен жұмыс барысындағы белсенділігі оқушылардың жеке мінездеріне ҚБЖ бағытымен қамтамасыз етіледі: ұсынылған ҚБЖ «нашар» оқитын оқушылар үшін де, «орташа» оқитын оқушылар үшін де, «жақсы» оқитын оқушылар үшін де қызық болуы керек.

Жасалған қолданбалы бағдарламалық жабдықтың моделінің сипаты төмендегідей:

ҚБЖ терезесінен теориялық және практикалық тапсырмаларды орындау мүміндігі бар. Практикалық бөлім деңгейлік тапсырмалардан (3 деңгейден) және тест жинағынан тұрады. Әр деңгейдегі тапсырмаларды бағалауы және уақытқа тәуелділігі сәйкесінше әртүрлі. Оқушылар теориялық және практикалық бөліммен танысқаннан кейін білімді бекітуге арналған тест (activate) бағдарламасын қолданады.

ҚБЖ-ны қолданып оқытуды жекелендіру үшін келесі әдіс-тәсілдерді пайдаландық:

1) компьютердің көмегімен тақырыпты оқу уақытын және жолдарын өздігінен таңдауды ұсыну (теорияны, машықтану және бақылау жаттығуларын орындау); 2) қандай да бір күрделі тапсырманы өз бетінше таңдауды ұсыну; 3) компьютерде кеңес алуды ұсыну. Нәтижесінде оқушылар өзінің оқу танымдық іс-әрекетіне өзіндік талдау жасауға және өзін-өзі бағалауға белсенді түрде кіріседі, сонымен бірге өзінің мүмкіндігінше жұмыс жасайды. Мұндай сабақтарда мұғалім, негізінен, тапсырмаларды берудегі, нәтижелерді белгілеп баға қоюдағы қиын жұмыстардан босатылып, кеңесші рөлін атқарады. Ал берілген уақыттан тапсырманы ерте бітірген оқушылармен жеке кеңес өткізу мүмкіндігіне ие болады.

Мен өз қызмет тәжірибемде осындай жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, қабілеттіліктерін ашуға, сабақтың қызу толықтығына жетісемін.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.     «Ашық сабақ» журналы

2.      Информатика негіздері журнал 2013ж.

 

3.      «Үшінші негізгі» деңгейлік нұсқаулық 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.38 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 112

Похожие материалы