Авторлық бағдарлама Focus on Britain (10 сынып)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

                               Мазмұны

1. Түсінік хат    

2.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

3. Оқыту барысында қолданылатын инновациялық- педагогикалық  технологиялар, әдіс – тәсілдер, оқу процесінің жалпы сипаттамалары.

4. Бағдарламаның ерекшеліктері мен айырмашылығы

 

5. Бағдарламаның нормативті бөлімі

 

6. Жұмыс және бақылау түрлері

7. Бағдарламаны меңгеруде күтілетін нәтижелер.

8. Әдебиеттер 

 

 

 

 

Түсінік хат

Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін,  мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Оқытылып отырған тілдің отаны туралы, оның мәдениеті туралы білмей ол тілді үйрену мүмкін емес. Қарым- қатынас тілі ретінде ағылшын тілін оқыту міндеттері сол тілдің отаны мен мәдени өмірі  және халқы туралы мәлімет берумен сәйкес келеді. Қолданыстағы тілді үйрену оқушыларға сол тілдің қолдануының маңыздылығын, қосымша саяси, мәдени, тарихи бағытта қолданылатын сөз тіркестерімен таныстыру. Ұсынылып отырған « Focus on Britain» тақырыбындағы факультатив сабағы оқушылардың мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған. Жалпы курста оқушылар Британияның түпкі мәдениеті мен  тарихы, білім жүйесі, діни ахуалы және саяси жүйесімен таныс болады.  Бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларды ағылшын тілінде  өз ойын еркін айтуға, ағылшын тілінен  өз мүмкіндіктерін көрсете білуге ықпал ету, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге, белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.

 

 

Бағдарламаның міндеттері

Берілген бағдарламаның басты мақсаттарының бірі: оқушылардың коммуникативтілігін дамыту болып табылады.

Берілген бағдарламаның міндеттері төмендегідей:

-         Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

-         Ел тану қабілетін жетілдіре отырып, сол елдің салт- дәстүрі мен   

 әдет –ғұрыптарын терең меңгерту.  

-         Оқушыларды өз көзқарасын, тұжырымдамасын айқын білдіруге баулу.

-         Ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуде лексикалық және грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

-         Ағылшын тілінде диалогқа түсуге дағдыландыру.

-         Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамыту.

Оқыту барысында қолданылатын инновациялық- педагогикалық  технологиялар, әдіс – тәсілдер, оқу процесінің жалпы сипаттамалары.

Факультативті сабақтарда тек бір ғана әдіс- тәсіл емес, оқушы құзыреттіліген дамытуда үлкен әсер ететін әдіс- тәсілдердің жиынтығы қолданылады..

1. Дамыта оқыту технологиясы. Сабақтарда технологияның   принціптері жүзеге асады:

üЖоғары деңгейлі қиындықта оқыту.

üОқушылардың білік дағдыларын қолдана отырып,теориялық біліміне көп көңіл бөлу.

üОқыту барысының әртүрлі жағдайдаларында оқушылармен кері байланыс орнату.

üоқушылардың жеке ойлау қабілетін  дамыту жүзеге асырылады: анализ жасау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау.

2. Оқытуда болатын кедергілер.

Берілген материалдарды меңгеруде проблемалық ситуциялық кездеседі, бұдан шығу жолдары оқушылардың ізденушілігі арқылы жүзеге асады. Оқушылардың өз беттерімен жұмыстануы үшін деңгейлік және күрделі тапсырмалар қолданылады.

3. Ақпараттық – коммуникативті технологиялар.Ағылшын тілі сабақтарында АКТ – ны пайдаланудың басты мақсаттары:

üтілді оқытуда оқушы мотивациясын көтеру

üшет тілінің овершенствование иноязычной коммуникативной компетентности;

üлингвистикалық білімдерінің көлемін ұлғайту.

üОқытылып отырған тілдің елінің мәдениеті жайлы білімдерін толықтыру.

üОқушылардың ағылшын тілін өз бетінше оқуы мен қабілетін дамыту.

1. Денсаулық сақтау технологиясы. Бұл өмір қауіпсіздігін сақтау,санитарлық-гигиена талаптарын сақтау. Оқушылардың қимыл қозғалыстарын жүзеге асыру

2.     Топтық технологиялар. Сабақтарда оқушыларды топқа бөліп, жұмыстану жүзеге асырылады.Бұндай жұмыстану оқушылардың белсенділігін, берілген тақырыпты жоғарғы деңгейде түсінулеріне ықпал етеді.Топта жұмыс жасау оқушылардың бірлесе, ынтымақтаса жұмыстануына, коммуникативтіліктерін құрылымдауына негізделген.

 

Сабақтарда сонымен қатар АКТ – ны қолданумен байланысты әдістер қолданылады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 81.5 Kb
Количество скачиваний: 30
Просмотров: 123

Похожие материалы