Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

ҚАЗАҚ ТІЛІН ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Б.И. Есембаева

Бүгінгі таңда білім берудің ең бір маңызды мәселесі- орыс мектептерінде қазақ тілін тиімді оқытудың жаңа әдістерін тауып, оны оқу үрдісіне енгізу. «Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілі пәнін

оқытудың мақсаты- оқушының қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыра отырып дамыту, тілдік және танымдық білікпен қамтамасыз ету»- деп, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартында көрсетілген.

Бұл мақсатқа жетудің бірінші жолы- оқушылардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді. Л.Н Толстой: «Баланың үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай туғызу керек, үйренген сөзін ауызекі сөйлесу тілінде бір рет қолдана білсе, ол өзінің жеке меншігіне айналады» деп жазған екен.

Мен жұмыс істейтін 6,7,8 сыныптарда тақырыптар 3 аяға біріктірілген. Ая тақырыптарының тармақшалары бір-бірімен тығыз байланыста, жылдан-жылға жас шамаларына қарай күрделеніп отырады. Оқушылардың алған білімдерін жылдан-жылға жаңғыртып, толықтырып, бекітіп отыруға жағдай жасалған. Ая тақырыптары жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын талап етеді. Бұл бағдарламаның негізінде білімді өздігімен игеру идеясы жатыр. Оқушының пікірін бағалау, тыңдай білу қажет. Танымдық іс- әрекет дегеніміз, адамның өз түйсігі арқылы дүниені тануы. Өзін-өзі тану принципі- оқушылардың оқу материалының мазмұнын ғана емес, оның не үшін үйренуі керек екенін білуін қажет етеді. Танымдық әрекетті өз білімін іс жүзінде қарым-қатынас құралы ретінде қолдану қажеттілігімен байланыстыру қажет. Өз білімін іс жүзінде қолдану- білім алу қажеттілігін тудырады. Адамның бұл бағыттағы басты қажеттілігі- ойлау және іс жүзінде қолдану. Еңбектену қажеттілігі жеке тұлғаның жан-жақты дамуымен тығыз байланысты.

Қазақ тілін үйретудің екі жолы бар: жазбаша және ауызекі. Шығарма жұмыстарында оқушылар өз ойларын, пікірлерін, әсерлерін мәтін түрінде жазбаша жеткізеді. Айтатынын дайындап, сұрыптап алады. Ал өз ойын ауызекі монолог немесе диалог түрінде жеткізу үшін тек қана тіл емес, мимика, ым, көзқарас қолданылады.

Сабақта ауызша мен жазбаша сөйлеудің құрылымы бірдей. Екеуі де төрт бөлімнен тұрады: бағдарлау, жоспарлау, қолдану, бақылау. 1.Бағдарлау дегеніміз - өз орнын, сөйлеудегі ролін, әрекет қажеттілігін, мақсатын, сөйлеу формасын, қатысатын адам санын, сөйлеу стилін анықтау.

2. Жоспарлау дегеніміз- мазмұнын іріктеп, сөйлеу бағдарын құру. Айтатын ойын дұрыс жоспарлай білу оқушының өзінің талпынысынан туындайды.

3. Қолдану дегеніміз- айтатын ойын белгілеп, жеткізу үшін керекті сөздерді іріктеп, синтаксистік нұсқаларды салыстырып таңдау.

4. Бақылау дегеніміз- сөйлеушінің тілдік әрекеттің қорытындысын салыстырып, бақылап, бағалауы. Бақылау кезінде тілге қажеттілік туады. Оқушылар:

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 57.5 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 94

Похожие материалы