Дене шынықтыру сабағы 6-сынып "Спорт ойыны: Баскетбол"

Предмет: Физкультура
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы: Спорт ойыны: Баскетбол

Сабақтың мақсаты: 1. Жекелеген элементтерді жетілдіру

                                     2. Торға доп салу, жылдамдық қасиеттерін арттыру

                                     3. Командалық шеберлікті арттыру

Сабақтың типі: Жарыс-сабақ

Құрал – жабдықтар: Баскетбол доптары, фишкалар, ысқырық

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 2-3 мин.

1. Сапқа тұрғызу, мәләмдеме, Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Орында және қозғалыста дамыту жаттығулары.

3. Сынып 4-5 команда бөлініп лекке сапқа тұрғызылады (бойы аласа оқушылар алдына тұрғызылады).

                                                                 1-кезең

Эстафета (8-9 мин)

1.       Қарсы қабырғаға дейін допты ыршытып барып, қабырғаға тиғізіп қайта жүргізу ( допты келесі командалас ойыншының қолына береді)

2.       Кедергілер арасымен жоп жүргізу ( допты келесі командалас ойыншының қолына береді)

3.       Кедергілер арасымен доп жүргізе торға енгізу ( торға тастау)

                                                       2-кезең

Торға доп тастау ( 5-6 мин)

1.       Командалық 10 ұпайға дейін .

Команда айып добын соғатын орыннан кезек-кезек торға доп тастайды, қай команда бірінші 10 ұпайға толтырса жеңімпаз атанады.

2.       Қыз балалар орнынан, ұлдар секіре торға доп тастайды.

3.       Жекелей доп тастау 2-мин. ( ең мерген ойыншы белгіленген жерден орнын ауыстыра доп тастайды).

                                                                3-кезең

Баскетбол – блиц  (18-20 мин)

Командалар торға доп түсіргенше ойнайды . Доп жіберген команда ойыннан шығып келесі командаға ауыстырылады. 3-мин барысында ойын тең аяқталса онда командалар 0,5 ұпай алып келесі командаларға ауыстырылады.Жеңіске жеткен команда 1 ұпай иеленеді. Ойын соңынан жалпы ұпай саны бойынша жеңімпаз команда анықталады.

Қорытындылау:

Командалар сапқа тұрғызылып кезеңдер жіне жалпы жарыстар түрлері бойынша ұпайларынмәлімдеп иеленген орындары хабарлайды.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.7 Kb
Количество скачиваний: 54
Просмотров: 217

Похожие материалы