«Толағай» отбасылар сайысының жоспары
Предмет: | Физкультура |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Нурманбетов Дидар Князбекович
|
«Толағай» отбасылар сайысы
Тақырыбы: «Толағай» отбасылар сайысы
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата - анамен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысудың қажет екендігін түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Өтілетін орны: Спорт зал
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, секіртпелер, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Негізгі бөлім.
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар! Бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» жолдауында «Қазақстан азаматтары мен балаларымыз құқығын қорғайтын борышын ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің оқушыларымыз дені сау, саналы, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты болып өсуі тиіс» деп айтқан болатын. Әрбір Қазақстан азаматының алдына қойған басты мақсаты өз елінің, жерінің, халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Адам баласының спортпен шұғылдануы басты міндеттерінің бірі болу керек. Олай болса, бүгінгі « Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«ТОЛАҒАЙҒА»қатысатын
Отбасыларын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады да, өздерін таныстырады)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.35 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |