Доклад:»Қазақтың қолөнері :металдан бұйым жасау»

Предмет: Технология
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
« Қазақтың қолөнері: металдан бұйым жасау ».   « Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек.     Біз баға жетпес білім қорын арттырып,  Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек...»                                                                                      Н.Ә.Назарбаев.  Еліміздің  білім  беру  мен  ғылымды  дамыту  жоспарларын  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  әрдайым  өзінің  басты  назарында  ұстап  келеді.  Білім  саласында  еліміз  тәуелсіздік  алғалы  бері  көптеген  ауқымды  жұмыстар  атқарылды.    Технология  пәнін  оқытуда – еңбек  етудің  алғышарттарын  үйрету  арқылы   оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  мақсаты  көзделеді.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  барысында  оқушыларға  берілетін   тәлім – тәрбие  үрдісін  жетілдіру,  жұмыс  мәдениетін,  адамдар  арасындағы  адамгершілік  қарым – қатынастарды   жаңарту,   еңбек  біліктілігін  қалыптастыру  арқылы  еңбекке  қызығушылығын  ояту,  еңбек  өнімділігін  арттыру , ынталандыру  міндеттерін  мұғалімге  жүктейді.Адамға  ең  бірінші  өмірлік  қажеті – еңбек  екенін  уақыт  дәлелдеуде.Бір – бірімен   жалғасып  келе  жатқан  еңбекке  баулу,  технология  оқу  пәнінің  білім  стандартындағы  басты  мақсаты -   оқушыларды  белгілі  бір  кәсіпке  бағдарлау,  оқыту  болып  табылады.  Балаларды  еңбекке  тәрбиелеу – қол  еңбегі  сабағынан  басталады.  Адам  баласы  туа  сала  емес ,  көре – көре,  жүре – жүре  жетіледі.  Сана  сезімі  жүре  толысып , еңбекке  талпыну  қарекеті  басталады.  Бірақ,  өсе  келе  өмірде  соның  бәрі  бірдей  дәрежеде  болып  шықпайды.   Бір  адам  еңбекке  өте  қабілетті  болып  өссе,  енді  бірі  керісінше  болады.  Кейбір  оқушылар  өз  жұмысын  ұқыпты , тиянақты  орындаса , енді  біреулері  сапасыз  орындайды.  Оқушылардың  еңбекке  әртүрлі  болып  келуінің  негізгі  бір  себебі,  олардың  жас  шағындағы  еңбек  тәрбиесінің  дұрыс  ұйымдастырылмауынан,  әр  отбасының  баланы  еңбекке  әр  түрлі  етіп  тәрбиеленуінен  деп  түсіну  қажет.       Адам  өмірі  үшін  қажетті  білім  беретін  пәндердің  бірі – еңбекке  баулу,  бүгінгі  технология  оқу  пәнін  сонау  ауылдық  қоғамнан  басталғаны  мәлім.  Олай  болса ,  технология  пәні  бойынша  оқушылардың  еңбек  ету  арқылы  өз  қабілетін  дамытуын  ата – бабамыздың  ұлттық  дәстүрімен  өнерін  одан  әрі  дамытуға  бағыттауымыз  қажет.   Елінің  ертеңіне  ер  азаматтар -  бүгінгі  мектеп  оқушылары.   Сондықтан  жас  ұрпақты  ежелден   келе  жатқан  қол  өнерін   оқып  үйренуге  баулу  арқылы  олардың  өздігінен  ізденіп,  жұмыстар  жүргізуіне  шеберлік  деңгейін  арттырып,  ынта – ықыласын,  қоршаған  ортаға  қызығушылығын  оятуға  жетелейтін  ұстаздар  қауымы.  Өзім  сабақ  беретін  сыныптарда  еңбек  ету.  Әрбір  адамның  міндеті  екенін,  еңбектің  еңбектің  адамға  абырой – даңқ  әперетінін  айтып  отырамын.  Адамның  өмір  сүруіне  қажетті  игіліктің  бәрі  де  еңбектен  табылатынын,  еліміздегі,  үйіміздегі  адамдардың  барлығы  еңбектің  нәтижесі  де  жақсы  жетістіктерге  жетіп  жүргендіктерін  өмірімен  байланыстырып  түсіндіремін.   Жалпы  мектепте  оқушылар  технология  пәні  арқылы  көптеген  тәрбиеге  үйрену  барысында  белгілі  бір  мамандыққа  икемделеді.      Жаңа  білім  беру – бірінші  орынға – баланың  тұлғасын,  білім  алу  арқылы  жан – жақты  дамуын  қойып  отыр.  Қазақтың  қолөнері  бағдарламасының  ерекшелігі  оқушыларды  қолданбалы  өнер  түрімен,  металдан  бұйым  жасау,  ағашқа  күйдіру  өнерлерімен  таныстыра  отырып,  тұлға  ретінде  танымдық  қызығушылықтарын  қанағаттандырады.  Олардың  ой - өрісін  кеңейтеді,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытады.  Осы  арқылы  оқушылардың  өзіне  тән  икемділігі  анықталады,  тұлға  ретінде  көркем – эстетикалық  біліктілігі,   талғамы,  қабілеттері  қалыптасады.  Қазақтың  қолөнері  барысында  оқушылар  әр  түрлі  материалдармен  жұмыс  істеп  дағдыланады.  Бұйымдарды  жасау  технологиясымен  танысады,  құрал – саймандарды  пайдаланып  еңбек  етуге  машықтанады,  технология  пәніне  қосымша  мәліметтер  алады.  Қазақтың  қолөнері  саласындағы  халықтың  ұлттық  дәстүрін  зерделеуге  және  оқушының  өзіне  тән  бағдарын  таңдауға  мүмкіндік   береді.       Уақыт  талабына  байланысты  мектеп  оқушыларын  нарықтық  экономика  талабына  сай  жан – жақты,  білім  біліктілігі  артқан , кездескен  тығырықтан  шыға  білетін,  іскер тұлға  ретінде  тәрбиелеуіміз  керек.  5 – сыныптан  бастап  мектеп  оқушыларын  технология  пәні  бойынша  арнаулы – бағдарлама  құрастырып,  үйірмелерге  қатыстыру  бейім  алды  даярлар  кезеңінде  олардың  білімін  кеңейтеді,  тереңдетеді.  Оқушылардың  жеке  және  тұлғалық  ерекшеліктерін  қалыптастырып  мінез – құлқының  дамуын  қамтамасыз  етеді.  Икемділігін  анықтап,  өнерге  деген  қызығушылығын  арттырып,  кәсіптік  бағдарын  таңдауға  жағдай тудырады      Бүгініміз  бен  келешегімізді  нәрлі  қайнарына  айналдыру  әрқайсысымыздың  борышымыз.            
Тип материала: Неизвестен (jpg)
Размер: 1.35 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 85

Похожие материалы