Әдістемелік нұсқау "Абай тағылымы рухани биікке бастайды " мақала биологияны оқытуда Абай тағылымын дәріптеу

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:

Абай тағылымын мектепте қазақ, орыс, шет тілдері және әдебиет пәндерін оқытуда ғана емес, басқа пәндер, мысалы,  биологияны оқытуда және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда Абайдың қара сөздерінің жинағы  мұғалім үшін бірден – бір рухани қазына екендігіне тоқталғым келеді.

         М.О. Әуезов «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген мақаласында («Абай Энциклопедия» 13 бет) Абай жаңа поэзияның биік мақсаты, міндеті – халыққа қызмет ету, адамды қайта тәрбиелейтін және қоғамды қайта құруға көмегі тиетін жаңалыққа шақыру деп біледі, - деп атап көрсеткен.

АБАЙ тағылымындағы жастарға білім мен тәрбие беру мәселесі халықтық педагогикамен үндесіп жатқандығын әбден байқауға болады. Мектептерде "Атамекен", "Елім-ай" бағдарламаларына байланысты өткізілетін тәрбие жүмыстары халықтық педагогиканың тармақтары. Ал пәндерді оқытуда халық педагогикасы элементтерін қолдану пәннің ерекшелігіне, мүғалімнің ғылыми-әдістемелік жүмысы барысына тығыз байланысты. Ол мұғалімнің ізденісі, шеберлігі және шығармашылығы арқасында іске асырылады.

 

Абай тағылымын мектептерде оқушылардың білімге қызығушылығын көтеруге, алған білімдерін табиғат, өмір заңдылықтарымен байланыстыруға, керек болса өмірде қолдана білуге, оқушылардың ойлау қабілетін, тілдің актив қорын кеңейтуге, еңбекқорлыққа үйретуге кеңінен пайдалануға болады.Мысалы, 8 сыныпта биологиядан "Жоғары дәрежелі жүйке жүйесі" тарауын өткенде Жан қуаты туралы ұғым беруде Абайдың қара сөздері оқушылардың алған іргелі білім элементтерін еске сақтап, мәнін түсінуде атқарар ролі зор. Себебі қара сөздердің психологиялық астары - мақал-мәтелдерде, ал Абайдың көптеген қара сөздері мақал-мәтелдерден басталады. Сол мақалдардың мазмұнын ақыл-кеңестері арқылы түсіндірсек, көп ұтамыз. Бірнеше мысалдар келтірейік. Абай: "Жан қуаты деген қуат- бек көп нәрсе", - дейді де, соның ерекше үш түрін айырады. "Біреуі, .. Не көрдің, есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпен тұрмай, арты қайдан, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп, қармаққа тез қозғап жібереді." Яғни, оқу процесінде керекті білімді бақылап, қабылдап, ұғып қана қоймай, түсініп отыру. Сонда ғана оқу тиімді болады деген мағынада айтылған. Ал, Жан қуатының екінші міндеті деп жаңалықты қабылдау барысында ұқсағандарды тексеріп отыру қажеттігін айтады.

"Сезім мүшелері және олардың маңызы" тарауын өту барысында, адамның ең бір жетілген құралы-сөз. Сөз адам ақыл-ойының, ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылатындығын, адамның көңіліне келіспейтін өрескел сөздер, қисынсыз әзілдер, мінездің топастығы, менмендік, мақтаншақтық және т.б. сезім мүшелері арқылы қабылданып, ішкі мүшелердің ұмысын өзгертетіндігі түсіндіріледі. Әсіресе физиологиялық жағынан жетіліп келе жатқан жасөспірімдердің психологиясының дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Ұлы Абай:

"Өсек, өтірік мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз", - деп, жаман қылықтардан аулақ болуды, ал:                                                                                      

"Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой",- деп жастарды жақсылыққа шақырады. Ал бұл айтылған сөздердің астарын оқушылармен бірге отырып талдаған жақсы.

Сонымен қатар жоғарыда аталған тарауды өткенде «Көру, есту, иіс сезу, дәм сезу анализаторлары маңызы» тақырыбын түсіндіруде Абайдың он тоғызыншы «Адам ата-анадан туғанда  есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған  адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады,» -  деген сөзін негізге ала отырып, әр адам өсіп жетілгеннен кейін білім, тәрбие арқылы дүние танымының дамитындығын, мектеп қабырғасында –ақ әр оқушы өз ойын, өз көзқарасы пікірі бойынша жеткізе білуге тәрбиелеуі қажет.

Сол сияқты Қай айналымының жүйесі тарауы бойынша "Жүрек құрылысы, қызметі, жүрек аурулары, олардың алдын алу" тақырыбы өту барысында Абайдың төмендегі тағылымын келтіруге болады.

"...Жүректі мақтаншақтық, пайдакүнемді, жеңілдік, салғырттық- бұл төрт нәрсемен кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған әр нәрсенің суреті жүректің айналасына анық раушан болып түседі. Ондай нәрсе тұла бойына жайылады, тез ұмыттырмайды". Бүл сөйлемнің астары білімді терең игеру үшін жаман қасиеттерге бой бермей, барынша беріліп жүмыс істеу қажеттігін айтады. Ал "Жан қуатының бәрінің басты күші-талап", - дейді Абай.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.08 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 133

Похожие материалы