Екі қозы және оның достары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ауганбай Айнагул Ауғанбайқызы
|
Екі қозы
Білімділік: Ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарының дауыс ырғағымен дәл айта, көрсете білуге баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорларын дамыту,ойларын, есте сақтау қабілетін жетілдіру, одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Өзімен шамалас және үлкендер арасында тіл табыса білуге, мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Театр атты шығармашылық ойын арқылы эмоциялық көңіл-күймен қуанышты жағдай тудыру.
Көрнекіліктер: Билеттер, ертегі кейіпкерлерінің телпектері. Әсемдік бұйымдары- афиша , гүлдер.
Сабақ барысында тәрбиеші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Келген қонақтарға тілектерімізді білдірейік.
-Еліміз аман болсын.
-Дендеріңіз сау болсын!
-Отбасыңызда береке болсын.
Барлығы: Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Тәрбиеші: Балалар, бізге шақыру қағазы келіпті. Сендерді Жамбыл атындағы театрға, фестивальға қатысуға шақырады.
Шақырушы: Ертай ағаларың.
Тәрбиеші: Балалар, біз фестивальға қатысамыз ба?
Диас: Иә.
Тәрбиеші: Ендеше театр туралы білімімізді еске түсірейік. Театр не үшін қажет?
-Жаңа қойылымдармен танысу үшін
-Әртістердің өнерін тамашалауға
-Көңіл-күйімізді көтеруге
Тәрбиеші: Балалар, театрда қандай адамдар жұмыс істейді?
-Билет сатушы
-Көркемдеуші суретшілер
-Жарық берушілер
-Сазгерлер
-Режиссерлер
Тәрбиеші: Адамдар театрда өздерін қалай ұстауы керек?
-Қатты сөйлемеу керек
-Қойылымды мұқият тыңдау қажет
-Жүгірмеу керек
- Мәдениетті болу керек
Тәрбиеші: Балалар қандай ертегіні сахналаймыз?
Балалар: «Екі қозы» ертегісін сахналайық
Тәрбиеші: Жақсы, ендеше рөлдерді таңдайық.
-Кім түлкі болады?
Димаш: Мен түлкі боламын.
Ерасыл: Мен қасқыр боламын.
Тәрбиеші: Кім қара қозы болады?
Диас: Мен қара қозы боламын.
Тәрбиеші: Кім ақ қозы болады?
Ақтоты: Мен ақ қозы боламын.
Тәрбиеші: Кім қой болады?
Іңкәр: Мен қой боламын.
Тәрбиеші: Әртістер шымылдықтың артына барып дайындалыңдар. Біз не істейміз?
Айшолпан: Әдемі киінеміз.
Саид: Билет пен бағдарлама сатып аламыз.
Аделия: Гүл апарамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Айтқанымызды орындайық. Балалар әдеміленіп, билет сатып алып, орындарына отырады. Бір ұл ,бір қыз бала кассаға билет сатып алуға келеді.
Бірге: Сәлеметсіз бе!
Балалар: Бізге үш билет беріңізші. Ақша береді.
Кассир: Алыңыз.
Балалар: Рахмет.
Тәрбиеші: Құрметті балалар! Сіздердің бүгін көретіндеріңіз «Екі қозы» ертегісі.
Ерте, ерте, ертеде ну орманның шетінде бір кішкентай ағаш үйшікте қой мен оның қозылары өмір сүріпті. Бір қозы ақ бір қозы қара екен, ал олай болса өзінің кішкентай, сүйкімді қозыларын өте жақсы көрген екен. Кішкентай қозылар ерке, тынышсыз болып, бір орында отырмайтын мамықтай жұмсақ жасыл шөпте жүгіріп , ойнап жүруді ұнатады. Күндердің бір күнінде қозылар анасынан далаға барып , ойнап келуге сұранады.
Ақ қозы: Сүйікті анашым, ағам екеуімізді орманға жіберші.
Қара қозы: Біз абайлап жүреміз.
Қой: Алысқа бармаңдар, Бір-біріңді сақтаңдар.
Ойынға беріліп кеткен қозылар анасының өсиетін ұмытып кетеді. Кенет алдарынан қу түлкі кездеседі.
Түлкі: Қандай әдемі, сүйкімді ақ қозы, қара қозы да жаман емес. Сендер шаршаған шығарсыңдар.Жүріңдер үйге демалыңдар.
Ақ қозы: Жоқ, түлкі бізді қасқыр күтіп тұр одан да сен бізбен жүр. Бұл хабарды естіген түлкі қорқып қашып кетеді. Бірақ сол кезде орманда сұр , аш қасқыр жем іздеп жүр еді.
Қасқыр: А, ұсталдыңдар ма ? Мен сендерді жеймін.
Қара қозы: Жоқ, Қасеке сен бізді жеме. Бізді ана таудың үстінде арыстан күтіп отыр.
Қасқыр арыстаннан қорқып, екі қозыны үйлеріне қайтарып жібереді. Ал қозылар аман-есен үйлеріне оралады.
Міне, балалар сөйтіп қос қозы түлкі мен қасқырды алдап соғады.
Көрермендер қошеметтейді, гүл сыйлайды.
Тәрбиеші: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Ұнады.
-Ертегі неге үйретеді?
-Ақылды, тапқыр болуға.
-Достыққа, бірлікке үйретеді.
-Бір-бірімізді қорғауға үйретеді.
- Сендерге қай кейіпкер ұнады?
- Маған ақ қозы ұнады.
-Неге?
-Ол ақылды тапқыр.
Тәрбиеші: Балалар маған да сендердің өнерлерің ұнады мен сендерге өте ризамын. Қонақтармен қоштасайық.
Балалар мен тәрбиеші: Келесі кездескенше сау болыңыздар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.36 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |