Геометриялық денелерді жазықтықпен қию тақырыбына ашық сабақ

Предмет: Технология
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Ашық сабақ

 

Сынып  9

Сызу пәнінің мұғалімі А.Н.Киреев

 

Сабақтың тақырыбы:         Геометриялық  денелерді  жазықтықпен қию

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Призма, пирамида, конус, шар фигураларын жазықтықпен қию әдісін үйрену. Үстінен және қырынан қарағандағы көріністе шығарып алу тәсілдерін жаттықтыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларда геометриялық фигураларда кеңістікте ойша көзалдарына елестетіп қию дағдысын дамыту. Сызу қабілеттерін арттыру, дамыту.

б) Тәрбиелік: Сызу құралдарымен еркін пайдаланып, ұқыпты, таза сызуға және шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі, құралдары: Геометриялық фигуралар. Слайдтар, сызу құрал жабдықтары.

 

Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық, варианттық, логикалық жарыс.

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жаңа сабақ түсіндіру.

 

Пәнаралық байланыс: Геометрия, тарих, бейнелеу өнері.

 

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

3.     Жаңа сабақ, дайындық кезеңі.

4.     Жаңа сабақ түсіндіру.

5.     Сарамандық жұмыс.

6.     Жаңа сабақты бекіту.

7.     Логикалық тапсырма (топпен жұмыс)

8.     Бағалау.

9.     Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы

 

1.     Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар қане, сызу сабағына дайынбыз ба? Құрал жабдықтарымызды дайындайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы геометриялық денелерді жазықтықпен қию. Сабағымыздың мақсаты призма, пирамида, конус фигураларын жазықтықпен қию жолын үйренеміз. Үстінен, қырынан қарағандағы көріністерді шығарып аламыз.

2.     Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

 

Енді өткен сабақтарымызды  қысқаша қайталап өтейік.

Геометриялық қандай денелерді білесіңдер?

Жауап. Призмалар, пирамидалар, конус, қиық конус, шар.

 Қандай проекциялаушы жазықтықтарды білесіңдер?

Жауап.фронтальV, горизантальH, профильдіW.

Проекциялардағы нүктелерді нелер арқылы табамыз?

Жауап. Проекциялаушы сәулелер арқылы

 

3.     Жаңа сабақ, дайындық кезеңі.

Мына таблицаны сызып алыңдар

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 Сызба құралдармен жұмыс істеуді. Үш көріністі проекциялау. Нәрсенің бетінде, қырында, бұрышында жатқан нүктелерді тауып алу. 

 Геометриялық денелерді жазықпен қию.

 

 

4.     Жаңа сабақ түсіндіру.

Әлемдегі жеті кереметіндегі, және басқа да керемет құрылыстардың  слайдына назар аударыңдар.

 

                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы құрылыстардың барлығының пішіндері әр түрлі геометриялық фигуралармен жасалған. (Жеке-жеке тоқталып өту.)

Ал енді призманы жазықтықпен қию жолын қарастырайық.

Дұрыс үшбұрышты призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қияйық. Онда қиюшы жазықтықтың түзуге кескінделетін проекциясы а1 көрсетілген. Осы а жазықтығымен қиғанда призма екіге бөлінеді. Призманың жоғарғы бөлігін алып тастайық, ал оның қалған бөлігіне көңіл аударайық. Алғашқыда призманың табандары паралель еді, енді олар паралель емес. Қимада пайда болған АВС үшбұрышы фронталь проекцияланушы фигура болады. Сондықтан оның төбелерінің проекциялары – А1, В1 және С1 нүктелері бір түзудің бойында жатады. АВС үшбұрышының горизанталь проекциясы призманың горизанталь проекциясымен беттеседі, ал оның профиль проекциясын тұрғызу керек. Ол үшін А1,В1 және С1 нүктелері арқылы горизанталь байланыс сызықтары призманың сәйкес қырларының профиль проекцияларымен қиылысқанша жүргізіледі. Табылған А3, В3 және С3 нүктелерін кесінділермен қосамыз.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пирамиданы табанына паралель жазықтықпен қиғанда пайда болатын геометриялық денені қиық пирамида дейді. Кішкентай пирамиданы алып тастағаннан кейін қалатын бастапқы пирамиданың бөлігін кескіндейік. Оның фронталь проекциясын салу қиын емес. Қимада пайда болған төртбұрыш ЕFMN пирамида табанына ұқсас; оның қабырғалары пирамида табанының қабырғалаларына паралель. Е және N нүктелерінің фронталь проекциялары Е1 және N1 нүктелері арқылы байланыс сызықтарын жүргізіп, олардың горизанталь проекцияларын A2 мен C2 нүктелерін қосатын кесінді бойынан табамыз. Табылған Е2 және N2 нүктелері арқылы пирамиданың табан қырларының горизонталь проекцияларына паралел түзулер жүргізсек, олар В2 мен D2 нүктелері арқылы өтетін вертикаль түзуде қиылысады. Табылған қиылысу нүктелері F2 мен M2 қима төбелерінің горизанталь проекцияларын береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конусты табанына паралель жазықтықпен қиюдың нәтижесінде қиық конус алынады. Жазықтық конусты кішкене конусқа және қиық конусқа бөледі. Оның фронталь проекциясы тең бүйірлі трапеция, ал горизанталь проекциясы бір центрден жүргізген екі шеңберден тұрады. Бұл шеңбердің диаметірі трапецияның табандарына тең. Техникада конус тәрізді тетік бөлшектерді жасауда және олардың сызбаларын салуда конустылық деген ұғым пайдаланылады. Конустылық деп қиық конус табандарындағы шеңберлердің диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын бөлшекті атайды. Конустылықты К, қиық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек мына өрнекті аламыз.

   

 

 

 

 

Сызбада конустылық             сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне оған паралель, не оның осьіне паралель болатын шығарма сөреге жазылады. Табанының сүйір бұрышын конус төбесіне қарай бағыттайды. Мысалы қиық конустың үлкен диаметрі D=40, бьиіктігі L=30 және конустылық K=1:3берілсін. Қиық конустың кіші диаметрін шығарып алуға болады. Шынында да                                өлшем бірлігі.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.     Сарамандық жұмыс. Ал балалар интерактивті тақтадағы 3 вариантқа қараңдар. Оқушыларды варианттарға бөлу. Әр топ өз 1,2,3 варианттар арқылы жұмыс жасайды.

 

 

6.     Жаңа сабақты бекіту.  

Сұрақ-жауап.

 

1.     Конусты табанына паралель горизанталь жазықтыққа қиған кезде, астыңғы бөлік қандай фигура болып шығады ?

Жауап. Қиық конус

2.      Пирамиданы табанына паралель жазықтыққа қиған кезде астыңғы бөлік қандай фигура болады ?

Жауап. Қиық пирамида

3.     Қиылған бөліктерді, нүктелерді қандай сызықтар арқылы табамыз ?

Жауап. Проекциялаушы сәулелер арқылы.

4.     Нүктелерді, көрнекі кескінде және проекцтялаушы жазықтықта қалай белгілейміз ?

Жауап. Көрнекі кескінде бас әріппен, жазықтықта  проекциялағанда кіші әріптермен және фронатль көріністі бір санымен горизонталь проекция
 2 санымен, профиль проекцияда 3 санымен.

Ал осы геометриялық фигуралар пішінінде салынған құрылыстар өзіміздің Қазақстандағы Астана қаласының ғимараттарынан көруге болады. (жеке-жеке тоқтала кету)

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вен диаграммасы арқылы жаңа сабақпен өткен сабақтардың ұқсастығын табыу.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Логикалық тапсырма.

Топпен жұмыс.

1,2,3 варианттар мына тапсырмаларды кім тез шешеді.

 

1.     Мына көріністе горизанталь проекциядағы төртінші бағандағы дойбы тасының түсі қандай. Ақ, қара дойбы тастарының саны бірдей.

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы: қара

2.     Қай үстелдегі дойбы бағандарының саны көп.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы: Осы үш үстелдегі дойбы тастарының саны бірдей 27 тас.

3.     Мына суреттегі фигураларды тап ? Утюг, Винт, Ракета, Қайық, Үй, Резак.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жауабы: 1 утюг, 2 ракета, 3 қайық, 4 үй, 5 резак, 6 винт.

 

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Шарды горизанталь проекцияға паралель және профиль жазықтығына паралель  қиғандағы көрінісін профиль жазықтықта тауып, сызып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Ашық сабақ

 

Сынып  9

Сызу пәнінің мұғалімі А.Н.Киреев

 

Сабақтың тақырыбы:         Геометриялық  денелерді  жазықтықпен қию

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Призма, пирамида, конус, шар фигураларын жазықтықпен қию әдісін үйрену. Үстінен және қырынан қарағандағы көріністе шығарып алу тәсілдерін жаттықтыру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларда геометриялық фигураларда кеңістікте ойша көзалдарына елестетіп қию дағдысын дамыту. Сызу қабілеттерін арттыру, дамыту.

б) Тәрбиелік: Сызу құралдарымен еркін пайдаланып, ұқыпты, таза сызуға және шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі, құралдары: Геометриялық фигуралар. Слайдтар, сызу құрал жабдықтары.

 

Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық, варианттық, логикалық жарыс.

 

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, жаңа сабақ түсіндіру.

 

Пәнаралық байланыс: Геометрия, тарих, бейнелеу өнері.

 

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

3.     Жаңа сабақ, дайындық кезеңі.

4.     Жаңа сабақ түсіндіру.

5.     Сарамандық жұмыс.

6.     Жаңа сабақты бекіту.

7.     Логикалық тапсырма (топпен жұмыс)

8.     Бағалау.

9.     Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы

 

1.     Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар қане, сызу сабағына дайынбыз ба? Құрал жабдықтарымызды дайындайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы геометриялық денелерді жазықтықпен қию. Сабағымыздың мақсаты призма, пирамида, конус фигураларын жазықтықпен қию жолын үйренеміз. Үстінен, қырынан қарағандағы көріністерді шығарып аламыз.

2.     Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

 

Енді өткен сабақтарымызды  қысқаша қайталап өтейік.

Геометриялық қандай денелерді білесіңдер?

Жауап. Призмалар, пирамидалар, конус, қиық конус, шар.

 Қандай проекциялаушы жазықтықтарды білесіңдер?

Жауап.фронтальV, горизантальH, профильдіW.

Проекциялардағы нүктелерді нелер арқылы табамыз?

Жауап. Проекциялаушы сәулелер арқылы

 

3.     Жаңа сабақ, дайындық кезеңі.

Мына таблицаны сызып алыңдар

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 Сызба құралдармен жұмыс істеуді. Үш көріністі проекциялау. Нәрсенің бетінде, қырында, бұрышында жатқан нүктелерді тауып алу. 

 Геометриялық денелерді жазықпен қию.

 

 

4.     Жаңа сабақ түсіндіру.

Әлемдегі жеті кереметіндегі, және басқа да керемет құрылыстардың  слайдына назар аударыңдар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 3.77 Mb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 94

Похожие материалы