"Жас математик" факультативтік курс бағдарламасының 1сынып бойынша жіктелуі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Бағдарлама мазмұны төмендегідей :   

1.   Сиқырлы сандар ( 9 сағ.)

2.    Есептеп үйренейік ( 7 сағ.)

3.    Ғажайып фигуралар әлемі  (9сағ.)

4.    Ойлан , тап (8сағ.)

 

Бағдарлама мазмұны балалардың жас ерекшелігін ескеріп құрастырылған. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балалардың жалпы интеллектуалдық дамуының іргетасын , олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін орнықтырып , балалардың мектепте табысты білім алуына деген танымдық қызығушылығын қалыптастырады. Математикалық тапсырмаларды  орындаған кезде оқушылардың шығармашылық қабілеті, жеке тұлға қасиеттері қалыптасады.

 

1. Сиқырлы сандар.

Бұл бөлімде балалар сандар және олардың қасиеттерімен таныса отырып, санның құрамына байланысты жаттығулар орындайды. Бұл бөлімнің  басты мақсаты - балаларды  сандар әлемімен таныстыру, сандарды өмірде пайдалана білу.   "Сиқырлы сандар" дидактикалық ойыны , "Санамақтар" , "Санап  үйренейік" , " Ғажайып  сандар" сайыстары откізіледі. Балалар  сандар  қатарына ,  таңбаларына , қасиеттеріне байланысты логикалық тапсырмаларды орындайды. "Сандар сөйлейді" тақырыбы  кейбір сандардың адам өміріндегі  маңызы, орны туралы балалардың білімдерін кеңейту мақсатымен өткізіледі : 7 саны- "Жеті ата", "Жеті қазына " т.б., 3саны- "Үш байлық", "Үш арсыз" т.б.,,  4 саны - "Төрт түлік" , "Төрт мезгіл" т.б. , 5 саны - "Бес саусақ", "Бес асық", т.б.

 

2. Есептеп үйренейік.

Бұл бөлімде логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың арифметикалық амалдарды қолдану машықтықтары қалыптасады. Түрлі дидактикалық ойындар, тапсырмалар орындау арқылы балалар санап , есептеп үйренеді.

"Ормандағы  оқиғалар"дидактикалық ойыны тапсырмаларын орындай отырып, балалар жан-жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысады. "Көңілді бояулар" дидактикалық ойынында балалар түстеріне байланысты заттарды топтау, ажырату , заттарды бояу тапсырмаларын орындайды."Белгісіз арал"дидактикалық  ойынының тапсырмаларында  балалар мысалдарды шығару арқылы арал суретін бояп шығады және де теңіз жәндіктеріне байланысты басқа тапсырмаларды орындайды. Соңында, "Ойлан , тап" тақырыбында, балаларға  логикалық  және  шығармашылық  тапсырмалары  бар шағын тест тапсырмалары ұсынылады.

 

3.Ғажайып фигуралар әлемі.

          Бұл бөлімде балалар геометриялық фигуралармен байланысты тапсырмалар  орындайды.Бұл бөлімнің басты мақсаты - балалардың геометриялық фигураларды  ажырату, геометриялық фигуралардың қасиеттерін білу, өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.

        "Ғажайып  үшбұрыш", "Ғажайып шаршы", " Ғажайып дөңгелек" тақырыптарында  геометриялық фигуралардың қасиеттеріне байланысты тапсырмалар орындалады: фигураларды түсі, пішіні, өлшемі бойынша жиынтықтарға бөлу;үлгі бойынша бояу; бірдей шаршыларды біріктіру;қажетті фигураларды салу; қатарды жалғастыру; түрлі сызықтар салу; мұнараның әрбір бөлігін үлгі бойынша бояу, т.б. тапсырмалар. Соңында "Ғажайып фигуралар әлемі" атты сайысы өткізіледі.

 

4.Ойлан , тап .

        Математикалық эстафета, математикалық викторина, логикалық есептер, көңілді есептер, қызықты есептер, математикалық ребустар, сөзжұмбақтар --  балалардың ақыл-ойы, қиялы, интеллектуалдық ой-өрісінің ұшқырлығын дамытудың бірден-бір ұтымды тәсілі.

        Жыл бойы өткенді қорытындылау мақсатымен "Ойлан , тап !" білім байқауы ұйымдастырылады.

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.25 Kb
Количество скачиваний: 68
Просмотров: 245

Похожие материалы