«Математикадан стандарт емес есептерін шешу»

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Түсінік хат

 

Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.

Математикалық есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу оқушылардың ойын оятып ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуда, батыл қимылдаржасауға, шығармашылық ізденіске тәрбиелейді.

Ендеше оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – олардың алған білімінің тиянақты болуын қамтамасыз ету. Сондықтан оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіру – қазіргі аса маңызды міндеттердің бірі. Оқушылардың логикалық ой- өрісін арттыруда, оларды математикаға қызықтыруда «Математикадан стандарт емес және олимпиада есептерін шешу» деген қолданбалы курсты өткізудің маңызы бар. Логикалық есептерді шығару барысында оқушылар математикалық ұғымдарды меңгереді, ойлау қабілеті дамиды. Өз пікірлерін логикалық жолмен дәлелдей білуге, алған білімдері бойынша тиісті қорытынды жасауға, өздері игерген есеп шығару дағдыларын іс жүзінде білуге жаттығады.

 

Шешімдерді іздеудің математикалық  методтарын, логикалық пайымдауларды, математикалық модельдердің, адекваттылық мәселелерін  оқушылар меңгеріп алуларына зор көңіл бөлінеді.Мұндай методтарға мыналар мысал болады. «Дирихле принципі» , «Эйлер дөңгелегі». Пәндік білімін тереңдетіп, ғылымға деген қызығушылығын арттыру және өзіндік ғылыми – зерттеу жұмыстарының ең қарапайым дағдыларына баулу. Оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, біліктілігін арттыру,деңгейлік тапсырмалар қарастырылады және есепті дұрыс шығара білуге үйретеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.18 Kb
Количество скачиваний: 94
Просмотров: 335

Похожие материалы