Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлексияның ықпалы

Предмет: Химия
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуыма рефлексияның ықпалы.

 

                                            «Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

 

                                       ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында»

 

                                                                                Н.Ә.Назарбаев.

 

 

 

       «ХХІ ғасырда білім беру жүйесі қандай болуы керек?» сауалы саналы адамзат баласына үлкен ой тастайды. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациалауды жүктейді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты жолдауында: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жаңғыртуға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалануының және инновациялық дамуының негізіне және «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтардың жеке кредосына айналуы тиіс», - деп Елбасымыз бекер айтпаған болар.

 

         Осының бір дәлелі деңгейлеп оқыту бағдарламасын айтуға болады, яғни білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, жаңа бағыттағы білім мазмұнының толығымен жаңаруына алып келді. Курсты аяқтап, мектебімде деңгейлі бағдарлама бойынша сабақ өту барысында оқушылардың шаттық шеңберіне шығуы, шуылдап топқа бөлінуі, топ басшысының бағалау шкаласына баға қоюы, өз беттерінше сабаққа дайындалып, оқығандарын ортақ ойға салып, бір тұжырымға келуі, тіптен үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа араласуының өзі мені таң қалдырды.          

 

          Жеті модуль аясында сабақ жүргізудің тиімділігін байқадым. Өз тәжірибеммен бөлісіп, мұғалімдердің қызығушылықтарын арттыра білуге ықпал еттім. Жаңа технологияны қолдану – өмір талабы. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін негізге ала отырып, сабақтарымда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сапалы оқытуды көздеймін. Оқушылардың жетістіктері, даму қарқыны менің сенімімді молайтты. Шәкірт жүрегіне жол табу тынымсыз ізденуді талап етеді. Сындарлы оқыту жүйесі әр деңгейдегі барлық балаға бақылау жүргізгенде ғана мақсатына жетеді деп білемін. Өз ұлтымның бақытты болашағын, кемел келешегін ойлап, жаңашыл әдістерді өз тәжірибеме қолдану арқылы оқыту тәжірибесін жетілдіруде топтық, жұптық, жеке жұмыс жасауды жандандырып отырамын. «Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал қармақ беріп, оны қолдануды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады»-дейді шығыс даналығы. Сол секілді сындарлы оқытуда оқушы проблеманы шеше отырып, өзінің санасын ашып қана қоймай, қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, рухани бай, жеке тұлға болып қалыптасады.   «Үйрену мен үйрету өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады», яғни бұрынғы дәстүрлі сабақтардағы әдіс-тәсілдерден өзгешелеу. Халық даналығында: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас»-дегендей, бала дайын асты жұта салмай, өзі дайындап, өзі жемісін көруі қажет. Қытай ғұламасы Конфуций: «Маған айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін» деген екен. Сондықтан білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді.

 

       Қазіргі таңда сабақ беретін №164 орта  мектебінде  де бірте-бірте дәстүрлі білім беру жүйесі сындарлы білімге көшуде. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Сындарлы оқытуда оқушылар сабақта  қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады.Өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады.Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы, ал басты тұлға оқушы болып табылады және сындарлы оқытудың стратегияларын сабаққа енгізу, топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы»,  «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогті тиімді ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсатқа қол жеткізіп, сабақ өз нәтижесін көрсете алады.Сабақта мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмаса постермен жұмыс жасау барысында өз үлесін қосатынына көз жеткізіп жүрмін.Сондықтан сындарлы әдіс-тәсілдердің тиімділігі сұрақтар мен тапсырмаларды шешу барысында өз бетімен оқып, ой елегінен өткізіп қорытынды жасау, топ ішінде дұрыс шешім қабылдай білу, өз қателіктерін көру,өздерін және достарын әділ бағалау әрекеттеріне тез дағдыланады.Әр сабақ соңынан рефлексия жасау барысында оқушыларымның өзіне сенімді,сыни тұрғыдан ойлай алатын, қалай оқу керектігін білетін, шығармашыл, табысты адам болып өсуіне ықпал ету менің басты парызым деп білемін.

 

         Оқушылары сапалы білім мен саналы тәрбиесі ұштасқан, ғылымға сәт сайын жаңалық сыйлайтын,барлық жақсы қасиеттердің жиынтығы көрініс беретін, табысты да дәулетті,  сәулелі де сәулетті табысты мектептің ұстаздары атанайық!                 

                                               

                                                   Қызылорда облысы,Жаңақорған ауданы, 

                                                 Құттықожа ауылы №164 орта мектебінің

                                                 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

                                                 Құрбаназарова Дариха Нәлібайқызы

                                                 (Курбаназарова Дариха Налибаевна)      

 

 

                                     

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 71.5 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 68

Похожие материалы