На тему "Айналайын анашым"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Хамраева Мимангуль Сейтахуновна
|
«Айналайын анашым»
Залдың іші мерекеге арнайы безендірілген. Шарылар, жалаушалар ілінген. Қызғалдақ гүлдері арнайы құмыраларға салынған. Көңілді әуен орындалып, мерекенің сәнін кіргізіп тұр.
Жүргізуші: Қайырлы күн, ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар! Қымбатты ұжыммен, балалар.Баршаңызды көктемнің алғашқы күні, 8-наурыз әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Сіздерді «Айналайын анашым» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырымыз.
Жүргізуші: Көктем келді қуантып,
Шаттыққа бөленіп,
Ал, балалар келіңдер,
Аналарға ардақтап,
Тақпақтар айтайық
І бала: Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
ІІ бала: Ана деген көп шығар,
Менің анамдай жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Жүргізуші: Ал, балалар көптен күткен көктем мерекесі бізге қонаққа келді.(Шаттана Көктем жүгіріп топқа кіреді).
Көктем: Сәлеметсіңдер ме балалар!Қонақтар! Сіздерді бүгінгі 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын.
Жүргізуші: Ару көктем, сұлу көркем
Жақсы болды келгенің
Сеніменен өтеді,
Бұл мереке көңілді.
Көктем: Ақ қар еріп, су көбейіп,
Сай-салаға қашады.
Ағаш басы бұршік жарып,
Гүл бәйшешек ашады
Балалар айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: Көктемде.
Жүргізуші: Көктем келді бар ағаш.
Жасылданып жыр шертті.
Қараторғай ұшып кеп,
Қанатымен нұр септі.
Құс: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар! Алғашқы көктем мерекесі құтты болсын!
Жүргіжуші: Балалар, көктем жалғыз келмепті, ол өз досын алып келді.
Көктем: Иә, балалар менің досым өз өнерін көрсеткілі келді
Би: «Құстар»
Көктем: Балалар, бірінші наурыздан бастап көктем келді, жылғаларға су толды.Құстар ұшып келе бастайды.Сонымен қатар 8-наурыз аналар мерекесі келді.Аналарымызға арнап ән салып берейік.
Ән: «Анашым»
Көктем: Балалар менде сендерге құр келмедім,мен өз ойынымды ала келдім.
Ойын: «Бәйшешек жинау»
Жүргізуші: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Бар баланы қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Балалар, қане кім аналар туралы мақал-мәтелдер біледі екен?
ІІІ бала: Күнің шуағы жылы,
Ананың құшағы жылы.
ІҮ бала : «А» дегенің - ана ғой ,
Ана дегенің дана ғой.
Көктем: Жарайсыңдар, балалар ән айтуды, би бийлеуді жақсы білесіңдер екен. Біздің де достарымыз бен аналарды, қыздарды, қонақтарды құттықтағымыз келеді.
Құттықтау: Би.( Искандер, Арзигуль)
Жүргізуші: Балалар бүгін тек қана аналардың мерекесі емес, әжелердің де мерекесі. Әжелерімізге арнап ән айтып берейік.
Ән: «Ақ әжем».
Жүргізуші: Құрметті әжелер, аналар, балабақша ұжымы біз бәріміз сіздерге ұзақ өмір тілейміз.Осымен біздің «Айналайын анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.
Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы
Тәрбиеші: М.С. Хамраева
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.82 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |