Оқытудағы көрнекілік әдісінің оқу үдерісіндегі маңызы

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Педагогикадағы дидактикалық тәсілдің бірі - көрнекілік  әдісі. Көрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы болып табылады. Адам баласы өзін қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы сезініп,түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі – көру болып табылады.  Көру  арқылы қабылданған ақпараттар  оқушылардың есінде жақсы сақталатынын ескерсек, кейбір заттарды тіпті көрнекіліксіз есте сақтау мүмкін емес. Сондықтан оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрған заттарды көрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін таттыру. Көрнекілік арқылы  оқушылардың қоршаған орта мен өмір құбылысын және заттарды салыстыра  отырып ойлап, қабылдау арқылы оқушылардың сана-сезімі қалыптасады, мәселені түйсіну деңгейі артады.   

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 95.33 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 130

Похожие материалы