Презентация на тему "Салауатты жастар"

Предмет: Биология
Категория материала: Презентации
Автор:

Өтілу мерзімі: 22.05.2015ж

Сабақтың тақырыбы: «Салауатты жастар»

Слауаттанудың негізгі мақсаты - әрбір жеке адамныңжәне тұтастай  қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі мақсаты балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.

Міндеттері:

-         салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;

-         өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;

-         негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;

-         осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу шараларымен таныстыру.

Дамытушылық: Өзінің қайталанбас жекелігін сезіне білуі, өзгелердің жекелігіне құрметпен қарай алуға, достық қарым – қатынасты бағалай білуге, қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алуға дамыту.

Тәрбиелік: Адамның қоғамдағы рөлін ашу үшін: басқа адамдармен өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті, адамгершілік мінез – құлық, адами қарым – қатынастар этикасына, сауаттылыққа, зеректікке, адамгершілікке, мейірімділікке; оқу-білімге, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда:сұрақтарға жауап беру; мұғалімнің сұрағына жауап болатын сөйлемдерді баға бере алу.

Көрнекі-құралдар: Спорттық құралдар (доп, айналдырма, секіргіш, жалау) түрлі түсті қарындаштар, плакат «Саламатты Қазақстан» ашықхат

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың типі: білімді кеңейту

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  жарыс түрде, жұптық, ұжымдық жұмыс.

Сабақтың барысы:

1.       Психологиялық дайындық.

-        оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

-        сабақ мақсатын анықтау;

-        бір-бірлеріне сәттілік тілеу.

2.       Қызығушылықтарын ояту.

              Ортаға шығу,

Шаттық шеңбер құру  ортаға жиналу(дене шынықтыру)

МДТ-11 тобының би жаттығуын қайталап орындау

МАҒЫНАНЫ ТАНУ.

1)     «Ой қозғау» стратегиясы.

      «СӨС» дегенімізне?

Ойын сәті:

1)Таныстыру

 эмблема ұран

2) Шығармашылық тапсырмалар.

Сурет салу

3) тақырыпқа байланысты ән орындау

4) мақал – мәтелдер, жұмбақтар,нақыл сөздер сайысы.

Спорттық ойындар жарысы

1)Доп,айналдырғыш

Шарты: Айналдырғышпен допты жеткізу.

2)Ұлттық ойын «Асық ату»

Шарты:Қатар тұрған асықтарды алыс тұрып ату. Кім көп асық атса сол жеңімпаз.

3. Секіргіш (скакалка)

Шарты: Топтын ішінен ең шапшаңын таңдап секіргішпен секіру

4) «Жақсы мен зиянды ажырату»ойыны.

Шарты: Араласқан заттарды реттеп жинақтау.

«ФЛЭШМОБ» сайысы.

 РЕФЛЕКСИЯ  Балалардың тәрбие сағатына жақсы қатысқандарын байқап мадақтау. Ашықхат тарату.

 «Ең жігерлі және көрікті», «Ең шапшаң және сүйкімді» атты номинацияларымен марапаттау. 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.53 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 112

Похожие материалы