Презентация по биологии "Жануарлар селекциясы"
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Калиева Айгерим Амангелдиновна
|
Пән: Өзін - өзі тану
Өтілу мерзімі: 08.09.2014ж
І Бөлім. Таным қуанышы.
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Өзін –өзі туралы түсінік. Өзімді өзім танумен өсіп келем. (1-сабақ).
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Өзін Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі, ел, қала, ауыл, оқу өміріне өзінің қатысты екенін білуі, қоғамға қызмет етудің мәнін түсіну,қарама – қарсы жыныс өкілдермен достық қарым – қатынас жасай алу, өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне алу.
Байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру; мұғалімнің сұрағына жауап болатын сөйлемдерді баға бере алу. Дамытушылық: Өзінің қайталанбас жекелігін сезіне білуі, өзгелердің жекелігіне құрметпен қарай алуға, достық қарым – қатынасты бағалай білуге, қоршаған орта мен адам сұлулығын бағалай алуға дамыту.
жазба сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сауатты жазу, өз ойын еркін түрде жеткізе білу дағдыларын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамның қоғамдағы рөлін ашу үшін: басқа адамдармен өзара қарым – қатынас жасау мәдениеті, адамгершілік мінез – құлық, адами қарым – қатынастар эткасына, сауаттылыққа, зеректікке, адамгершілікке, мейірімділікке; оқу-білімге, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: қарындаштар, А4, стикер, қосымша оқулық
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық дайындық.
- оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
- сабақ мақсатын анықтау;
- бір-бірлеріне сәттілік тілеу.
2. Қызығушылықтарын ояту.
МАҒЫНАНЫ ТАНУ.
1) «Ой қозғау» стратегиясы.
«Өзін –өзі туралы түсінік. Өзімді өзім танумен өсіп келем». жазбаша
Ауызекі сөйлеуге диалог (адамдардың бір-бірімен сөйлесуі) және монолог (адамның ішкі сезімі, іштей ойлау) жатады.
2) Шығармашылық тапсырмалар.
«» өлең, мақал – мәтелдер, жұмбақтар,нақыл сөздер айту
3) ОЙ ТОЛҒАНЫС
«Ой түіні » ойыны
Сурет салу ( ой суреті)
4) Мәтінмен жұмыс. Қ-1, «Таным тағылымы»(Аңыз әңгіме)
1. «Алыстан көруін үйренді» дегенді қалай түсінесіндер?
2.Сендер танымның қай жолын таңдап алар едіңдер?Неге?
3.Қай данышпанның тағылымы табандылыққа, болашақты болжауды үйретеді? Неліктен?
5. Дәптермен жұмыс.
Өзін – өзі тану өмірдің мәнін түсінуге, қарым – қатынас жасау кезінде жақсы мен жаманды ажыратуға көмектеседі.
Өзін – өзі тануды үйрене отырып, адам өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді, жарастықта өмір сүруге талпынады. Ол адамдардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануға, өз қабілеттерін шыңдауға көмектеседі.
Абайдың қара сөздері.
Адам ата – анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып білсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды. Сондықтан білгені, көргені көп адам есті болады...
...Егер де есті кісілердің қатарында болғын келсе, күніне бір рет, болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!
Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,
Ең қиын нәрсе – өзіңді – өзің түсіну
Әл – Фараби. (Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіндер)
6. РЕФЛЕКСИЯ Стикермен жұмыс ойларын жеткізу (жапсыру)
7. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Үй тапсырмасы
? : 1. Абай атамыздың «Өзіңнен өзін әр күн сайын есеп ал» деген сөзін қалай түсінесіндер?
2.Есті болу үшін адамға қандай қасиеттер керек деп ойлайсыңдар
Бағалау: Өзін бағалау, бір – бірлерін бағалау, мұғалімнің қорытынды бағасы
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 582.92 Kb |
Количество скачиваний: | 191 |