Программа интерфейсімен танысу. Презентация. 6 сынып

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Программа интерфейсімен танысу. Презентация

Сабақтың мақсат-міндеттері

а) білімділік

Оқушыларға Microsoft Power Point бағдарламасымен , программа интерфейсімен таныстыру, презентация құруды үйрету

ә)дамыту шылық

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

б) тәрбиелік

Оқушыларды тазалыққа , ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі

Жаңа материалды игерту

Сабақтың түрі

Дәстүрлі.

Сабақтың әдістері

Түсіндірмелі,сұрақ-жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі

итерактивті тақта, монипулятор

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

I. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

-оқу құралдарының дайындығын тексеру;

-амандасу;

-кезекшілік міндеттерін атқару;

-сабаққа дайындалу;

ІI.Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

IІІ.Жаңа материалды түсіндіру

а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Біз бүгін Ms. Power Point бағдарламасымен, оның интерфейсімен танысып, презентация жасауды үйренеміз.

Презентация (ағылшынша presentation ұсыну деген мағынаны береді)-белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар жиынтығы. Тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық обьектілерді, дыбыстық фрагменттерді іске қосатын күрделі обьект слайд деп аталады. Презентация құруға арналған офистік бағдарламалардың бірі- Ms. Power Point бағдарламасы.

Ms. Power Point бағдарламасын іске қосу үшін мына бұйрықтарды орындаймыз:

Бастау-бағдарламалар-Ms. Office – Ms.Power Point бағдарламасы

Ms.Power Point бағдарламасының интерфейсі, яғни терезесі мыналардан тұрады:

  • 1.Тақырып жолы;
  • 2.Мәзір қатары;
  • 3.Құрал-саймандар тақтасы;
  • 4.Жұмыс аймағы;
  • 5.Слайдтың кішірейтілген түрі;
  • 6.Қалып-күй жолы;

Ms.Power Point бағдарламасының интерфейсі 3 режімде жұмыс істейді:

  • Қарапайым слайд;
  • Слайдтарды реттеуші;
  • Слайдтарды көрсету;

Жаңа слайд құру үшін <файл- создать слайд> бұйрығын таңдаймыз немесе ENTER пернесін бассақ жаңа слайд қосылады. Бір слайдтан екінші слайдқа өту үшін ENTER пернесін немесе тышқан тетігін пайдаланамыз.

Слайдтың макетін таңдау үшін <макет> командасын таңдаймыз:

Мынадай макет түрлерінен таңдауға болады:

•Титулдық слайд;

•Тақырып және обьект;

•Бөлім тақырыбы;

•Екі обьект;

•Салыстыру;

•Тек тақырып;

•Бос слайд;

•Жазуы бар обьект;

•Жазуы бар сурет ;

Слайдқа мына обьектілерді кірістіруге болады

  • Кесте;
  • Сурет;
  • Клип;
  • Бейнелер;
  • Фигуралар;
  • Диаграммалар;
  • Гиперсілтеме;
  • Колонтитул;
  • Word Art көркем жазуларын;
  • Уақыт пен күнді;
  • Слайд нөмірін;
  • Фильм және дыбысты;

Слайдтың дизайынын таңдау үшін мәзір қатарындағы <Дизайн> командасын орындаймыз.

Фондық түсті таңдау: тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, <формат фона> командасын орындаймыз

Анимация әсерлерін баптау үшін мәзір қатарындағы анимация бұйрығын таңдаймыз

Презентацияны сақтау үшін мына командаларды орындаймыз: файл-сохранить как

Ашылған қосымша терезеге сақтайтын буманы көрсетіп, атын беріп, сохранить батырмасын басамыз.

Ms.Power Point бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтілуі pptx, ppt.

Слайдтарды көрсетудің тәсілдері:
1. мәзір қатарындағы показ слайдов командасы
2. қалып-күй жолындағы слайдты көрсету батырмасын басу
3. F5 пернесін басу

Слайдтар көрсетімін аяқтау үшін ESC пернесін немесе тышқан тетігін 2 рет шерту жеткілікті

Оқушылар назарларын тақтаға аударып, жаңа сабақты тыңдап отырады

ә) танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жаттығулар

1-тапсырма. Портфолио жасау. Презентацияға сурет енгізіп, фондық түс, анимация беріп, өз бумаларында «портфолио» деген атпен сақта

2-тапсырма. Үлестірме қағаз

1.Бірінші және екінші слайдтарға интернет мүмкіндігін пайдаланып, фондық сурет қой

2. өзің сүйіп оқитын ақынның өлеңінен үзінді жаз

3. слайдтардағы мәтінге эффект қос

Оқуылар компьютермен тапсырма орындайды. Презентация жасап, оны пішімдеп, сақтайды

ІV. Жаңа білімді бекіту

Тест

1.Ms.Power Point бағдарламасын қалай іске қосамыз?

  • a) Ms.Power Point бағдарламасы
  • b)Бастау-бағдарламалар-Ms. Office – Ms.Power Point бағдарламасы
  • c)Бастау-бағдарламалар-стандарттылар – Ms.Power Point бағдарламасы
  • d)бағдарламалар- Ms.Power Point бағдарламасы

2.Бағдарлама интерфейсі неше бөліктен тұрады?

  • a)3
  • b)4
  • c)5
  • d)6

3.Анимация әсерлерін қалай баптаймыз?

  • a)Баптау
  • b)Мәзір - анимация
  • c)Мәзір - вставка
  • d)Мәзір - баптау

4.Презентацияны қалай сақтаймыз?

  • a)Вставка-қалай сақтау
  • b)Файл-қалай сақтау
  • c)Бастау-қалай сақтау
  • d)Сақтау

5. Жаңа слайдты қалай құрамыз?

  • a)Создать слайд командасы
  • b)Макет батырмасы
  • c)Файл командасы
  • d)Дизайн командасы

6. Мәзір қатарындағы артық команданы көрсет

  • a)Анимация
  • b)Показ слайдов
  • c)Дизайн
  • d)Разметка страницы

7. Ms.Power Point бағдарламасында «F5» пернесі қандай қызмет атқарады?

  • a)Сақтау
  • b)Жаңа слайд қосу
  • c)Слайдты көрсету
  • d)Слайдты баптау

8.слайдтар көрсетімін аяқтау үшін қай пернені басамыз?

  • a)F5
  • b)ESC
  • c)ENTER
  • d)Delete

9.Ms.Power Point бағдарламасында жасалған құжаттың кеңейтілуі

  • a)docx
  • b)pptx
  • c)Jpeg
  • d)png

10. Ms.Power Point-та ендірілген суретті өзгертуге болама?

  • a)Болады
  • b)Өзгертуге келмейді
  • c)Болмайды
  • d)Ендірілген күйде қалады

Оқушылар тест тапсырмасын орындайды

Тест жауаптары

1.b

2.d

3.b

4.b

5.a

6.d

7.c

8.b

9.b

10.a

V. Үйге тапсырма. Қорытындылау

«Менің отбасым» тақырыбына презентация жасап келу

VI. Бағалау

Оқушылардың белсене қатысуын қадағалау және сол бойынша бағалау

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.74 Mb
Количество скачиваний: 111
Просмотров: 302

Похожие материалы