Пішімдер,масштабтар және сызба қаріптері

Предмет: ИЗО, МХК
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

                                  Пішімдер ,масштабтар мен  сызба қаріптері

Сабақтың мақсаты :        Пішім мен мастабтар туралы түсінік беру

Тәрбиелік :                            ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу

Дамытушылық :                     оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын

                                                    арттыру

Құрал - жабдық, көрнекіліктер : А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар , сызғыш т.б

Сабақ түрі:                                    дәстүрлі сабақ

Әдіс – тәсілдері:                          түсіндіру , сұрақ-  жауап

І.  Сабатың  барысы:                       Ұйымдастыру

                                                   а)  Оқушылармен амандасу

                                                   б) Сыныптың сабаққа қатысын тексеру

                                                   в)  Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Жаңа тақырып.  Пішім . Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға  салады. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім  (формат)  деп атайды. Формат  француз  сөзі , қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі қолданылады.

Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.

Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.

Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.

Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.

   Ватманға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу керек. Пішімнің шеті төрт бұрыш болуы шарт. Одан кейін сызбаның өрісін кеңейтетін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш  салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі , оң және төменгі шетінен 5 мм, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізіледі. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімдерді сызбаларды альбом түрінде тігу үшін  қалдырылады.

Масштаб : Үйлердің , машиналардың  сызбаларын салу үшін  олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды. ( пішімге  сыймайды).  Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине ең жақсысы  - нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу.

Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші  екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда , масштаб  дегеніміз – нәрсенің сзбадағы  ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы  ( бөлшек сан ). Сызбаларды орындағанда  мынандай масштабтардың бірін таңдап алуға болады.

Кішірейту масштабтары :  1 : 2;   1 : 2,5 ;   1 : 4 ;  1 : 5 ;   1 : 10 ;  1. 15 ;  1: 20 ;  1: 25 ;    1: 40 ;

1 : 50 ;   1 . 75 ,  1 : 100 ;  1 : 200 ;   1 . 400 ;  1 . 500 ,   1 : 800;    1 . 1000.

Нақты шама :    1   :  1

Үлкейту масштабтары :   2 : 1 ;  2,5 : 1 ;   4 : 1 ;  5 : 1;  10 : 1 ;   20 : 1 ;  40 :1 ; 50 :1 ;  100 :1.

Масштабты М әрпімен белгілейді . Мысалы  М 1 : 4 сызбада нәрсе  4 есе кішірейтіліп, ал  М 2 : 1 екі есе үлкейтіліп салынғанын көрсетеді.

 ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1.  Пішімдердің қандай түрлерін білесіңдер ?

2. Масштаб дегеніміз не ?

 

 

 

Бағалау . Оқушыларды бағалау .

 

 

Үйге тапсырма Сызбаны А4 пішіміне қағазды пішімнің шетін көрсететін сызықтарды және рамксын  жүргізіп дайында.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 42.55 Kb
Количество скачиваний: 61
Просмотров: 226

Похожие материалы