Психологиялық дәріс: "Мәдениетті адам"

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

САТЫБАЛДЫ ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ

 

 

 

Педагог-психолог: Темірғалиева Г.М.

 

      Дәріс: «Мәдениетті адам»

 «Мәдениетті адам» -  Ол кім? «Мәдениетті адам» деп айта салу оңай екен де, ал ол туралы ой толғау оңай шаруа емес екен. Жан-жақты ойлап, сарапқа салар болсақ, «Мәдениетті адам» ұғымының шарттары көп.

      Қазіргі адам өміріне қажетті материалдық, және рухани игіліктер ғылым мен техниканың жетістігі жәтижесінде іске асып отырған адамзат қоғамының ХХІ ғасырға аяқ басқан шағында оқымаған адамды «Мәдениетті адам» деуге болмайды. Сондықтан ең әуелі, арнайы оқыған білімі бар адамды айта аламыз. Білімі бар адамды мәдениетті адам деп тануы үшін дипломы (куәлігі, сертификаты) болуымен қатар, өз мамандығын жақсы білетін, өз кәсібінің шебері болуы тиіс. Ол өз ісімен, білімімен, кәсіптік шеберлігімен, ұжымында мәдениетті адам болудың бір шартын орындай алады және өз білімі арқылы ұжымда бедел жинайды.

      Екіншіден, біліміне, ақылы сай парасаттылық қажет. Сонда онымен ұжым мүшелері санасып тұрады.

      Үшіншіден, білімі мен ақылына сай биязы мінезді болғаны жөн. Қанша білімі болғнымен, мінезі шадыр, мақтаншақ, тәкәппар немесе жағымпаз, жалтақ болса, оны мәдениетті адам деп айта алмаймыз. Ұлы Абай: «Мінез – ақылдың сауаты» дейді. Яғни, білім мен ақылды ұстап тұратын, оған мән мағына беретін ұстамды, әрі жайдары мінез адамды көріктендірмек.

      Төртіншіден, тіл мәдениеті – мәдениетті адам болудың басты шарттарының бірі. Халқымыз: «Өнер алды- қызыл тіл» деп бекер айтпаса керек. Ана тілінде таза да мәнерлі, мағыналы, жүйелі сөйлейтін, өз ойын ортаға сай ғылыми тілде, қарапайым халық тілінде немесе әзіл-қалжыңмен ойын өрнектей білетін адам деп білеміз. Мәдениеттіліктің шегі не бір қалыбы болмайды. Ол адамның отбасы, ошақ қасында алған тәлім-тәрбиесі арқылы адамның бойына сіңіп, оқу орындарында, өскен ортасы арқылы одан әрі жетіледі. Ал, адам, өз алдына отау тігіп, жұмысқа орналасқанда, оның мәдени деңгейі қалыптасады. Ұлы Абай тамыз 38-қара сөзінде: «Қашан баланың ғылым-білімге махаббаты оянғанда, ол адам бола бастайды, оның адам болуына 3 түрлі нәрсе себеп болады: жақсы ата-ана, жақсы ұстаз, жақсы құрбы-құрдас»,-дейді.

       Бесіншіден, тәрбиелі, көрегенді, өнегелі болуы керек. Бұл қасиет адамға ана сүтімен ұядан даритын қасиет. Адамдарда болатын зиялылық, тектілік болады, осының бәрі оның туғаннан бойына сіңген тәрбиеден.

       Алтыншы. Адамның  деңгейі: бұл қасиетте ата-анасы берген тәрбиемен, үлгі-өнегесімен адам бойына ана сүтімен сіңеді. Адамның қатігез, өзімшіл немесе мейірімді, жұмсақ болуы сәби кезінен жанұяда алған тәрбиесіне байланысты. Отбасында аялы алқан, мейірім-шапағат көрмей өскен адамнан мейірбандық күту қиын. Ал, жанұясында мейірім-шапағатқа бөленіп өскен адамнан қатігездік шықпайды.

        Жетіншіден. Эстетикалық талғам мәдениетті адамның көзге ұрып тұрар белгісінің бірі: жұмысының ретіне, ортасына, жыл мезгіліне, ауа-райына, күн мезгіліне сай талғаммен киінетін, киген киімі тал бойына жарасып тұратын, үйлесімді болатын адамның мәдениеттілігі сырт көзге бірден байқалады.

        Сегізіншіден, айтқан сөзінде тұру, екі сөйлемеу, өз сөзіне өзі жауап беру, асып сөйлемеу – мәдениеттіліктің бір белгісі болмақ.

        Тоғызыншы, өзінің де, өзгенің де уақытын бағалай білу, айтқан уақытысында келу, айтқан уақытында уәдені орындау, кешікпеу, тиянақты, тыңғылықты болу – мәдениетті адам болудың бір шарты.

        Оныншы, өз сөзін тыңдата білу мен кісіні де тыңдай білу – білімділіктің, мәдениеттіліктің белгісі.

        Он бірінші, күнделікті баспасөзді оқып, радио, теледидар хабарларын уақтылы тыңдап, оны осындай әдетке айналдыру да мәдениеттіліктің белгісі. Көзі ашық, көкірегі ояу адам сол арқылы өзіндік ой қорытып, қоғамдық пікір қалыптастырады. Болып жатырған оқиғалар мен өзгерістерге өз бағасын береді.

        Он екінші, өз мамандығына сай әдебиеттерді жинап, ғылыми методикалық журналдарға жазылып, оларды жинап, оқып, жазып, өз білімі мен кәсіптік шеберлігін жетілдіріп отыру – мәдениет пен білімділік болып табылады.

       Он үшінші, көркем әдеби кітап оқу, ұлттық әдебиет пен өнердің және дүние жүзі классиктерінің шығармаларын, қазіргі заманғы шығармалар оқу, мүмкіндігінше театр мен концерттерге барып тұруы маңызды.

       Он төртінші, өнерді сүюі мен қатар, өзі де өнерлі болуы, музыкалық аспапта ойнап, ән сала білу, күй тартып, би билеуі – мәдениеттіліктің бір қыры болмақ.

       Он бесінші. Қолынан іс келеді, техниканы білу (ерлерге); әйелдерге іс тігіп, тамақ жасап, дастархан мәзірін әзірлей білуі де – мәдениеттілік белгісі.

       Он алтыншы. Спортпен айналысу, дененің ширақ болуы. Денсаулығы мықты, жұмыста береке бірлік болмаса, басқа мәдениет те жетім қалмақ.

     Адамның мәдени деңгейі оның отбасы, ошақ қасындағы мәдениеттілігімен, құдай қосқан қосағына деген ілтипатына, балаларына берген тәрбиемен оларға төккен мейірім шапағатымен, қамқорлығымен өлшенуге тиіс. Ал жанұясында берекесі жоқ адамды қанша оқып, білімді болса да, «Мәдениетті адам» деп айтуға келмейді.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 86

Похожие материалы