Разработка урока ". Қазақстардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы "

Предмет: История
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

8-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

            §10. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы

Сабақтың мақсаты:

·              Жалпы тарих курсындағы осы тақырыпты еске түсіре отырып, қазақстардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуының себептері мен негізгі кезеңдерін қарастыру;

·             Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын  белгілі дәрежеде жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне, тарихқа құрметпен қарауға үйрету, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Негізгі түсініктер: шаруалар соғысы, көтеріліс, жетекші күштер, алғышарттар, себептері және көтерілістің барысы, тарихи маңызы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../
  4. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Абылай мен оның заманы» атты эссе жазу.
  2. Тақырып бойынша тест сұрақтары.

Жаңа тақырыпты түсіндірудің  жоспары:

  1. Қазақстардың Е.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуының негізгі себептері.
  2. Кіші жүз қазақтарының қатысуы
  3. Орта жүз қазақстарының негізгі қатысқан кезеңдері
  4. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
  5. Шаруалар көтерілісіне қазақтардың қатысуының тарихи маңызы

     Оқушылар тақырыппен «Жалпы тарих» курсы бойынша таныс, сондықтан Ресейдегі 1773-1775 ж. шаруалар соғысы тарихы бойынша сұрақтар қойып, естеріне түсіремін. Сонан кейін қазақстардың бұл көтеріліске неліктен қатысқанын өздігінен ізденулеріне жөн сілтеу. Ол үшін сыныпты екі топқа бөліп жұмыс істету керек.

№ 1 тапсырма: Тақырыпты оқып, Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, щаруалар соғысына қазақтардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы).

№ 2 тапсырма:

Тақырыпты оқи отырып,Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы жөнінде шағын жоспар құру (қатысу себептері, қозғаушы күштері, шаруалар соғысына қазақстардың қатысу кезеңі, негізгі оқиғалар, жеңілу себептері, тарихи маңызы)

   Осыдан кейін оқушылардың еңбетерінің нәтижелерін тыңдай отырып, сабақта мына тақырыпшалар төңірегінде қорытындылау:

  1. Қазақстардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысу себептері.
  2. Осы кезеңдегі негізгі оқиғалар.
  3. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары.
  4. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуының тарихи маңызы.

Сабақты бекіту:

  1. 1773-1775 ж. көтеріліске қазақтар қатысқан негізгі кезеңді атаңдар.
  2. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтірілісіне белсене қатысқаны туралы мысал келтіріңдер.
  3. Орта жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуының ерекшеліктері неде?
  4. Көтеріліске  қатысушылар мен оның жекекшілеріне сипаттама беріңдер. Е.Пугачев, Нұралы хан, сұлтандар-Айшуақ, Досалы, Ералы, т.б. (мінездері, іс-әрекеттері, көзқарастары)

 

Үйге тапсырма:    Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға дауап беріңдер

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 836.5 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 114

Похожие материалы