Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның білім ошақтары

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

11 "б" сыныбында қазақ тілінен сабақ бойынша өзіндік талдау

 Сабақтың тақырыбы: "Қазақстанның білім ошақтары"

 Сабақтың мақсаттары:оқушыларға Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы толық мәлімет беру, білңм жүйесімен таныстыру, құрмалас сөйлем туралы білімдерін пысықтау,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, өз ойын айта білуге үйрету. сөздік қорын шығармашылық бағытта дамыту; білімнің қажеттілігін түсіндіру, білім алуға деген ықыластарын ояту.

         Сабаққа 16 оқушы қатысты.

    Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ролдік ойын, әнгімелесу, іздендіру

   Ашық сабақты өткізуге дайындалу барысында бағдарламалық талаптар мен оқушылардың сынып ерекшеліктері де есепке алынды. Сабақтың осы тақырыпты таңдап алу себебім, оқушылардың 11 сыныпты бітірген соң, қандай оқу орындарына бара алатын және қандай мамандықты таңдай алады екені туралы мәлімет беруді жөн қөрдім.   Оқушылардың құрмалас сөйлемнің түрлері туралы білімдерін тереңдету, толықтыру, өз бетінше деңгейлік тапсырмаларды орындай білуге үйрету - сабақтың тағы да бір мақсатын көздедім. Сабақта жаңа технологиялық әдістер бойынша оқушылардың мәнерлеп оқып, мазмұнын толық, ашып айта білу, сұрақтарға толық, дұрыс жауап бере білуге үйрету, өз ойларын анық, түсінікті айта білуге және сөздік қорларын молайту. Ролдік ойын технология бойынша оқушылар құжаттарды қабылдау бөлмесіне қалай тапсырудың үлгісін көрсетті. Балалар топпен жұмыс істеп, берілген тапсырмаларды орындап, сабаққа белсенді қатысты. Топпен жұмыс істеу барысында уақытты үнемдеуге болады, соның нәтижесінде көп жұмыстар жүргізіледі,балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артты. Оқушылар өз бетімен вендиаграманы жасай  білді, сызба бойынша жұмыс істеп, жақсы сөйлемдер құрастырды, оларды талдай білді.   Сабақ қызықты өтті, өз көздеген мақсатына жетті.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.71 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 149

Похожие материалы