САбақтың тақырыбы : Қазақтың ұлттық аспаптары

Предмет: Музыка
Категория материала: Конспекты
Автор:

Өзіндік талдау

Тақырыбы:«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары»

Пән мұғалімі Кайрбаева Галия Нугуслямовна

Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;Міндеттері:

а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.


Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Баяндау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс, ән айту.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, слайд.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу

б) Дауысқа жаттығу

Психологиялық дайындық жүргіздім

II. Үй тапсырмасын тексерсердім

Кішкене қорапшаға үй жұмысына байланыстысұрақтар салынады. Бірінші отырған оқушы қасындағы оқушыға береді. Музыка қойдым. Музыка тоқтаған кезде сол оқушы қорапшаның ішіндегі сұраққа жауап берді.

Жаңа сабақ:

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша мағлұмат бердім.Қазақтың ұлттық аспаптарын көрсетіп отырып,түсіндірдім

Слайд арқылы музыкалық аспаптарды көрсету, үнін естіртім.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының шығу тарихымен таныстырып, құрылымын, суреттерін слайд арқылы көрсеттім

Сергіту сәті.

Музыкалық ырғақты қимыл.

Қазір біз «Сұр қоян» ырғақты би – қимыл әнін орындаймыз.

Бәріміз орнымыздан тұрамыз.

IV.Музыка сауаттылығы.

Фраза – дегеніміз музыкалық тақырыптың аяқталған мағынасы бар бөлшегі.

Фермата – дыбысты еркін созу белгісі.

V. Музыка тыңдау.

Дәулеткерей «Кероғлы»
Сұрақтар:
1. Қандай аспаптар бар құрамында?
2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер?
3. Кімнің күйі?

VI. Ән орындау.
Халық әні «Гүлдерайым» әнді пысықтау , әнді көңілді, буын – буынға (фраза арқылы), домбыра аспабының сүйемелдеуімен орындау.

«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

VII. Сабақты қорытындылау.

Бірнеше сұраққа оқушылар жауп берді

Сөз жұмбақ: «Ұлт аспаптар»-атты сөзжұмбақ шешті.

Бағалау:

Оқушыларға нота кілті мен қобыз,домбыра таратылады.

(Нота кілтінде «4»,домбыра мен қобызда «5» )

6. Үй тапсырмасы:

Қазақ халқының музыкалық аспаптары жайында өз ойларыңнан ертегілер мен әңгімелер құрап,буклеттер жасап келеміз .

Халық әні «Гүлдерайым» әнін қайталау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 1.33 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 208

Похожие материалы