"Құстар бізддің досымыз" 3 сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:
А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер «Құстар – біздің досымыз!», нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.

Жүрісі:
1 - бөлім «Құстар - біздің досымыз!»
2 - бөлім «Құстарға ұя жасайық!» ойыны (Жұмбақтар шешу)
3 - бөлім Ертегілер елінде
4 - бөлім «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)
5 - бөлім «Оқушы шығармашылығы»

1 - жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата - аналар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен
2 - жүргізуші
Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.79 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 134

Похожие материалы