Теңдеу
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Баймухашева Лиза Кожантаевна
|
""Описание материала:
"Баймухашева Лиза Кожантаеваның ұсынылып отырған жұмысы. Бұл сабақтың тақырыбы «Теңдеу». 5 класқа арналған.
"Негізгі мақсаты: Теңдеу тақырыбы бойынша білім,білік дағдыларын арттыру. Теңдеулерді шеше білу. Теңдеудің түбірлерін таба білуге үйрету және теңдеудің қасиеттерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету. Оқушылардың ой-өрісін, зеректігі мен тапқырлық қасиеттерін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, сауаттылыққа, білімділікке тәрбиелеу. Оқушыларды еркін ойлауға, сөйлеуге, ойын еркін айтуға, кітаппен тақтаға жұмыс жасауға үйрету.
""Выдержка из материала:
"Сабақтың тақырыбы: Теңдеу.
"Сабақтың мақсаты: Білімділік: Теңдеудің түбірлерін таба білуге үйрету және теңдеудің қасиеттерін есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
"Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін ,зеректігі мен тапқырлық қасиеттерін дамыту.
"Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа,белсенділікке,сауаттылыққа,білімділікке тәрбиелеу.
"Жаттықтыру мақсаты: Оқушыларды еркін ойлауға,сөйлеуге,ойын еркін айтуға, кітаппен тақтаға жұмыс жасауға үйрету.
"Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы.
"Өту әдісі: Проблемалап баяндау.
"Сабақтың өтілуі: Деңгейлеп оқыту арқылы өздігінен білім алу.
"Көрнекілігі: Деңгейлік тапсырмалар,тест тапсырмалары,жұмбақ,ребус, перфокар-талар.
"Сабақтың барысы:
"1. Психологиялық дайындық.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
"2. Үй тапсырмасымен өткен сабақты пысықтау мақсатында тест алу.
"3. «Тор көздің ішіне тиісті таңбаны қою»тапсырмасын орындау.
"а) Санды,әріпті өрнектер.
б) Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық,терімділік, қасиеттері.
в) Көбейтудің үлестірімділік қасиеті.
"4. Жұмбақ шешу.
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап.
"5. Қоңырау белгісі бар тапсырма.
"«Таразы»
"Осы тапсырманы орындап,сабақтың тақырыбын өздері ашады.Сабақты пробле-малап баяндау арқылы түсіндіремін.
№ 1. Теңдеуді шешіңіз.
"(45-х)*3=93
"№ 2.
"(х-13):7=2
"№ 3.
"72:(х+12)=4
"6. «Ой қозғау».
"Жаңа сабақты пысықтау мақсатында.
"1-саты. Теңдеулерді дұрыс шешкенде математика ғылымының дамуына көп үлес қосқан, теңдеулер тақырыбына ғылыми еңбек жазған, физика-математика ғылымының докторы, профессор қазақ математигінің фамилиясын табасыз.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.71 Kb |
Количество скачиваний: | 44 |