Тема урока "Қоян, қонжық"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Хамраева Мимангуль Сейтахуновна
|
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту:
Тақырыбы: Қоян, қонжық
Мақсаты:Балаларды аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру. Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекліктер: қоян көжегімен, аю қонжығымен бейнеленген суреттер, ойыншықтар.
Сөздік жұмыс: жұмсақ, қатты.
Сабақтың барысы: Амандасу.
Шаттық шеңбер: -Бір-бірімізге қарап,жақсы сөздер айтайық. «Күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты болсын!».
Тәрбиеші топта қандай ойыншықтар бар екен деп, ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасайды.Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды. Қандай ойыншықтар жұмсақ, қандай ойыншықтар қатты екенін ажыратады. Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек, қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды.
Балалар міне біз ойыншықтарды жұмсақ және қатты деп екіге бөлдік.
Бүгін біз балалар осы жұмсақ ойыншықтардың ішінде қоян және қонжықпен танысамыз.
Мынау қоянның баласы көжек. Құлағы ұзын, түсі ақ. Ол секіріп жүреді,көжек сәбіз жегенді ұнатады.
Мынау аюдің баласы қонжық. Ол балды жақсы көреді. Қонжықтың түсі қоңыр. Ол қорбаңдап жүреді.
Ғажайып сәт:Балалар, біреу есікті тақылдатып жатыр,қарап көрейік бұл кім екен? Ой, балалар қараңдаршы бізге қонаққа көжек пен қонжықтың өздері келіпті.
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Қош келдіңдер көжек пен қонжық.
Балалар қараңдаршы қоянның түсі қандай екен? –Ақ.
Ал, құлағышы?- ұзын. Ол қалай жүреді?-секіріп.
Қонжықтың түсі қандай? –қоңыр. Ол нені жақсы көреді? –балды.
Жұмбақ жасыру:
Қонжық: балалар мен сендерге жұмбақ айтайын сендер жасырып көріңдер.
Құлақтары қазықтай,
Секендейді жалықпай. Бұл не? – Қоян
Тәтті көрсе бас алар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан. Бұл не? –Аю.
Сергіту сәті: Ақ қоян-ау, ақ қоян,
Бетіңді жу,
Қолыңды сүрт
Айнаға қарап,
Шашыңды тарашы,
Киіміңді киіп,
Балабақшаға қарай жүрші,
Орныңда отырып,
Тамағыңды іш.
Суретпен жұмыс: Балалар, біз қонақтарымыз бен бірге көжек пен қонжықтың суреттерін салып, жапсырайық.
Екі топқа бөлініп отырайық. Бірінші топ қоянның суретін салады, екінші топ қонжықтың суретін жапсырады.
Көжек: Жарайсыңдар балалар! Сендер суретті керемет салдыңдар.
Біз бүгін қонжық екеуміз, сендерге ойын алып келдік, бізбен бірге ойнайсыңдарма?
-Иә, біз ойын ойнағанды ұнатамыз.
Онда ойынның шарты мынандай: Ойыншықтарды қатар-қатар тізіп қоямын сендер көздеріңді жұмасыңдар,осы кезде мен бір ойыншықты тығып қоям сендер қандай ойыншық жоқ екенін табасыңдар.
Ойын қызығушылықпен ойналады, бір неше рет.
Көжек және қонжықпен қоштасу.
Қорытынды:Балалар біз бүгін кіммен таныстық? Балалар мынау не? –Көжек. Түсі қандай екен? –ақ.Көжек кімдің баласы?-қоянның
Мынау кімдің баласы? –Аюдің. Оның түсі қандай?–қоңыр.
Бұлар қандай ойыншықтар? – жұмсақ.
Балалар қонжық тәттіні жақсы көреді иә, ол сендерге де тәттілер алып келіпті.
Назарларыңызға рахмет, осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды. Бижанов ауылы «Күншуақ» балабақшасы Тәрбиеші: М.С. Хамраева
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.82 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |