Тәрбие сағаты: «Алтын күз» спорттық ойын-сауық

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

        

 

 

 

 

 

 

      «Алтын күз» спорттық ойын-сауық                 

Мерекенің өту барысы.

Денешынықтыру инструкторы балаларды залға кіргізеді.(Зал безендірілген.Еденде жапырақтар жатыр,жасанды ағаштар тұр.)

Денешынықтыру инструкторы: - Балалар,қазір қай жыл мезгілі?

Балалар (хормен): - Күз!

Денешынықтыру инструкторы: - Балалар,күз туралы ән салайықшы.

Балалар,күз туралы ән айтады.

Денешынықтыру инструкторы: - Күз келді,жел соқты,ағаштардан жапырақтар түсті. (Еденде шашылған жапырақтар жатыр.) Өздерін таңдаған кез келген 2 жапырақ алыңдар. Қазір,біз күзгі жаттығу жасаймыз.

Жалпыдамыту жаттығулары:

-          (Әртүрлі жапырақтар) – алдымызға жапырақтарды тербетеміз.

-          (Жапырақтар жерге түседі.) – ақырын отырамыз, жапырақтармен қозғалып,тұрамыз.

-          Жел соқты.-Алға иілу,қолды оңға,солға,жоғары, төмен көтеру.

  (Жапырақтар айналады)- Жапырақтармен бос қимылдар. Аяқтың ұшымен айналады.

-          Тыныс алу гимнастикасы «Самал жел».

-          Жел боламыз –мұрынмен демаламыз,ауызбен у-у-у-у  деп дыбыс шығарамыз,дем шығарамыз.

-          Жел күшейді,тынышталды,ақырын,ақырын.

-Күз келді.

Күз:- Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма?

Мінекей,мен де келдім!- Күзгі сәлем,достар,сіздерге!

Сендер менімен кездескендеріне қуаныштысыңдар ма? Орман киімі сендерге ұнай ма?

-Күзгі бақтар мен саябақтардағы менің сыйлықтарым, қандай жақсы!

Жапырақтармен би.Музыкамен залда жүгіреді,айналады.

Біреудің жылаған дауысы естіледі.

Ширмадан қоян шығады.

Қоян: - Маған,өте суық,жақында қыс мезгілі де келеді.

Күз:-Қоянжан,уайымдама,қазір балалар сенімен ойнайды,сен жылынасың.

Балалар шеңберге тұрады.Қоянның қимылын қайталайды.

Өзіне-өзі массаж жасау.

Қоян қолдарын жылытады. (алақандарын ысқылайды,әрбір саусақтарын ысқылайды)

Құлақтарына массаж жасап,жылынады.Мұрындарын жылытады.Маңдайын жылытады.

Күз:- иә,сонымен,қоян,жылындың ба?

Қоян: -Мен жылындым,енді сендермен ойнағым келеді.

Балалар 2 топқа бөлініп,команда бойынша секіріп барып, сәбіздерді алып,жүгіріп,орындарына келеді.Қай топ тез болады.

Қоян: - Ой,балалар,сендерге көп рахмет менің қысқы азығымды жинап бердіңдер. Балалар,сендер күз туралы тақпақтар білесіңдер ме?Айтып беріңдерші,ал мен тыңдайын.

Күз балалардан көкөністерді жинап беруді өтінеді.

Балалар 2 топқа бөлінеді.Залдың қарама-қарсы жағында  көкөністер тиелген машина тұр.Машинада тиелген

көкөністерді  жинап,себетке салады.

Қоян: жұмбақ жасырады.(тиін,қоян,түлкі туралы)

_Өзі айлакер өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу.( түлкі)

 

Қоян: -Жарайсыңдар, балалар,сендер  жылдам, батыл, тез қимылдап қана қоймайсыңдар,сонымен қатар ақылдысыңдар екен.

Денешынықтыру инструкторы: -Күзде жаңбыр жауа ма? Жаңбырдан бізді не қорғайды? (қолшатыр)келесі ойын «Қолшатырмен жүгіру»,- деп аталады.

«Қолшатырмен жүгіру»-қолға қолшатырды алып орындықтың үстінен жүгіру,шығыршықтан (обруч)шығыршыққа секіру,жүгіріп  оралу және қолшатырды келесі балаға беру.

Қоян:-Балалар,жүріңдер «соқыртеке» ойнайық.Санамақ санау арқылы көзін байлайтын баланы таңдау.Орың көзін байлайды,ол балаларды ұстайды.Ұсталынған бала орындыққыа отыру керек.Ойын 3 рет қайталанады.

Күз:-Күз деген ол тек қана көкөністер мен жемістер, әлде  жаңбыр жауу емес,балалар.Біз қоян екеуіміз сендерге сыйлық әкелдік.(жеміс толы себетті береді)Ал,енді бізге орманға қайту керек,сау болыңдар,балалар.

Денешынықтыру инструкторы: -Балалар,бізге де,топқа қайту керек.Сау болыңдар.

Балалар бір колоннаға тұрып,музыкамен залдан шығады.

1.Қуандырып біздерді

   Мерекелі күз келді.

    Кел, жемісті алтын күз

    Кемелденсін халқымыз.

2.Алтын,сары,қызыл,көк

   Алуан-алуан жапырақ,

   Күзгі бақта күлімдеп,

   Көз тартады атырап.

3.Дала сары киінді,

    Самал соқты салқындау.

    Қырмандарға үйілді

   Алтын астық – алтын тау.

4.Көбейді құт береке –

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке –

Алтын күзді тойлаймыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.13 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 214

Похожие материалы