VI модуль «Қазақ отбасы, қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:

"Описание материала:

Оқулық: Т.М Артықова «Қазақ тілі» 9 сынып, Алматы «Атамұра», 2005

Пайдаланған қосымша оқулықтар: А.С. Бұлдыбаев, Л.В. Екшембеева «Сөйлей білсеңіз - ұтасыз» , Алматы «Балауса» , 1998 VI модуль «Қазақ отбасы, қазақ халқының салт-дәстүрлері»

Тақырып: «Қазақ отбасы»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Сабақтың білімдік мақсаты: қазақтың салт-дәстүрімен танысып, одан үлгі, өнеге алу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: сөздік қорын молайту, сөйлемдер құруға жаттықтыру,ауызекі сөйлеуге үйрету.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ халқының, өз ұлтының дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, мәтінмен жұмыс.

Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: компьютер, теледидар, магнитофон, қиықшалар, қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктері.

"Выдержка из материала:

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

1 Сәлемдесу. 2 Сабақтың тақырыбы.

II Өткен тақырыптарды қайталау, үй жұмысын тексеру:

1. Активті лексиканы тексеру .Сөздік диктант (47 беттегі 5-тапсырма бойынша).

2. 2 оқушы тақтада жұмыс істейді (47 беттегі 7-тапсырма . Төмендегі деректер бойынша өз өмірбаянды жазу.

1) Фамилияң, атың, әкеңнің аты. 

2) Туған жылың, айың, күнің. 

3) Туған жерің (қалаң, ауылың)

4) Отбасың.4) Ата-анаңның аты-жөні, қызмет орны.5) Мекенжайың.6) Үй телефоның.7) Қолың.3. Оқушылардың презентациялары «Отбасым- мақтанышым» (слайд-шоу) Үйге алдын ала берілген сұрақ-тардың үлгілері:1) Отбасыңыз қайда тұрады?2) Отбасыңызда қанша адам бар? Олар туралы айтып беріңіз.3) Отбасы мүшелерінің мінездері қандай?4) Әкеңіздің (шешеңіздің...) жақсы жақтары қандай?

4. Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Презентацияны тыңдап, әр топ өз жұмысын атқарады:1 топ сөйлемдегі сөздердің орын тәртібіне назар аударады.2 топ көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауларының дұрыс қолдануына назар аударады.3 топ сөйлеу мәнеріне назар аударады (үндестік заңының ерекшеліктері)5. 3 топ анализ жасайды да, тақтадағы оқушылардың жұмыстарын тексереді.

III Жаңа білімді меңгерту кезеңі. 

-Әр халықтың отбасындағы өз салт-дәстүрлері бар екеніне көзіміз жетті. Бүгін сабақта біз қазақ отбасының рұхани құндылығымен танысамыз. 1. Жаңа сөздермен жұмыс (46 бет)2. «Қазақ отбасы» мәтінімен жұмыс ( 2-тапсырма, 46 бет)3 «Анасын сүйгеннің баласын сүй», «қыз-қонақ», «атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал-мәтел-дерді қалай түсінесіңдер? 4. Жаңа материал негізінде диалог құрастыру.

IV Аудирование.

Мәтінді тыңдап, Мазмұнын айтып беріңіз.Балалар аудиожазбаны тыңдайды (мүмкіндік болмаса, мәтінмен жұмыс істейді)

V Жаттақтыру жаттығулары.

Жұптық жұмыс. 1-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Сөйлеу үлгілері:Мәтінде... туралы айтылады. Үйде ер адам... .Әйел адам ... . Татулық ... байланысты дейді. 

Проблемалық жағдаятты туғызу.Топтық жұмыс. 2-тапсырма. Қазіргі заманда, XXI ғасырда, осындай пікірмен келісесіңдер ме?Үйде кім не жұмыспен айналысуға тиіс деп ойлайсыз?Сөйлеу үлгілері:1) Бұл негізінен дұрыс, себебі ... .2) Бұл дұрыс емес , себебі ... .3) ... деген пікірге қосыламын /қосылмаймын , өйткені ... .4) Меніңше, ... деп ойлаймын.5) Ер адам ... керек. Әйел адам ... керек .

Топтық жұмыс. 3-тапсырма. Отбасы мүшелері үйде қандай міндеттер атқаруы тиіс екені туралы басқа топтың оқушыларыныңпікірін сұраңыз. Олармен пікірталас ұйымдастырыңыз. Сөйлеу үлгілері:1) ... білейін деп едім, ...?2) ... сен қалай ойлайсың, ...?3) Пікірің дұрыс, ...4) Бұған қосылмаймын, ... .5) Бұған қосыламын, ... .

Жұптық жұмыс. 4- тапсырма. Отбасында ер адам қандай болуы керек? Әйел адам туралы не айтар едіңіз? Өз ойыңызды айтыңыз. Сөйлеу үлгілері:Ер адам отбасында басты тұлға, сондықтан да ... . Әйел адам ... болуы керек. Сіздікі дұрыс, себебі ... . ( Жоқ, олай емес, ... басты міндеті ... )

VI Қорытынды.

Нені білдік? Нені үйрендік? Оқушыларды бағалау, жұмыстарына қысқаша анализ жасау.

VII Үй тапсырмасы.

Үйленетін досыңызға хат жазу. Досыңызға оның отбасы және оның әйелі қандай болу керек деген тұрғыда кеңес беріңіз.Сөйлеу үлгілері:Саған айтарым ... . Сен ер жігітсің, сондықтан ... . Болашақ әйелің ... болғаны дұрыс. Тату-тәтті болу ... байланысты . 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 47 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 96

Похожие материалы